Philips HR 7761/00 User Manual

Page of 168
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына 
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен 
пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome веб-торабында 
тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a  Жіңішке/орташа кесу дискі (сары) (тек қана HR7771)
B  Жіңішке/орташа үгіту дискі (сары) (тек қана HR7771)
C  Майдалауыш диск (тек қана HR7771)
D  Шайқау қосымша қондырғылары
E  Пышақ бөлігі
F  Қорғау жабыны
G  Мотор
H  Жылдамдық таңдаушы
I  Ішкі итергіш
J  Тамақ өңдеу табағының қақпағы
K  Құрал ұстағыш
L  Табақ
M  Қауіпсіздік құлпы
N  pulse/Easy Clean («Қосу/Оңай тазалау») түймесі 
O  Сыртқы итергіш 
P  Азық салатын түтік
Q  Жіңішке/орташа кесу дискі (сары) (тек қана HR7772)
R  Жіңішке/орташа үгіту дискі (сары) (тек қана HR7772)
S  Аэростат шайқаушысы (тек қана HR7772)
T  Цитрус сыққыш конус (тек қана HR7772)
U  Цитрус сыққыш конус (тек қана HR7772) 
V  Тығын
W  Араластырғыш ыдысының қақпағы
X  Ыдыс
Y  Резеңке сақина
Z  Пышақ бөлігі
ҚазаҚша
62
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып 
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап 
қойыңыз.
Жалпы ақпарат
Қауіпті!
 
- Электрқозғалтқыштың блогын суға немесе басқа да сұйықтыққа 
батыруға, сондай-ақ бұл блокты ағынды судың астында жууға 
болмайды. Электрқозғалтқыштың блогын тазалау үшін, ылғал 
шүберекті пайдаланыңыз.
абайлаңыз!
 
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті 
қамтамасыз етілетін вольтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп 
алыңыз.
 
- Қауіпті жағдай туғызбас үшін, бұл құралды ешқашан таймер 
қосқышына байланыстырмаңыз.
 
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері 
зақымдалған болса, құралды қолданбаңыз.
 
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны 
тек Philips қызмет көрсету орталығында, Philips ұсынған қызмет 
көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар мамандар 
алмастыру керек.
 
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны 
пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, 
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) 
бұл құрылғыны қолданбау керек.
 
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
 
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
 
- Егер тамақ араластырғыш ыдысының жан-жағына жабысып қалса, 
құралды сөндіріп, тоқтан суырыңыз. Жабысып қалған тамақты алып 
тастау үшін күрекшені қолданыңыз.
 
- Араластырғыш жұмыс жасап тұрғанда түтіктегі ингредиенттерді 
итеру үшін саусақтарыңызды немесе басқа заттарды (мысалы 
күрекшені) қолдануға болмайды. Бұл мақсат үшін әрдайым 
итергішті қолданыңыз.