Philips GC 1930 User Manual

Page of 212
Қауіпті
 - Үтікті ешқашан суға батыруға болмайды.
Ескерту
 - Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті 
ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
 - Ашасы, сымы немесе құралдың өзі зақымдалған болса, сондай-ақ, 
құралды түсіріп алсаңыз немесе құралдан су ағып тұрса, 
оны қолданбаңыз.
 - Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін 
оны тек Philips компаниясы ұсынған қызмет орталығында сол 
компанияның жабдықтарымен және соған сәйкес білімі бар маман 
алмастыру керек.
 - Құрал қуат көзіне қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырып 
кетпеңіз.
 - Мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі 
аз адамдар (балаларды қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне 
жауап беретін адамның қадағалауымен немесе құралдың қалай 
пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануына 
болады.
 - Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
 - Ток сымын қызып тұрған үтіктің табанына тигізбеңіз. 
абайлаңыз
 - 

Құралды тек жерге қосылған розеткаға қосуға болады.
 - Әрдайым қуат сымының зақымдалмағанын тексеріп отырыңыз.
 - Үтіктің табаны өте ыстық болады, байқамай тиіп кетсеңіз, теріңіз 
күйіп қалуы мүмкін.
 - Үтіктеп болғаннан кейін, оны тазалап, су ыдысын толтырып 
немесе босатып жатқанда, сондай-ақ, үтікті тіпті аз уақытқа 
тастап кетіп бара жатқанда: бу деңгейін реттегішті О күйіне 
апарыңыз да, үтікті тігінен қойып, ток сымын розеткадан суырып 
тастаңыз.
 - Үтікті әрдайым тегіс, орнықты, көлбеу жерег қойып, қолданыңыз.
 - Әтір суын, сірке суын, крахмал, қақ түсіретін, үтіктеуді 
жеңілдететін сұйықтықты немесе басқа химиялық заттарды су 
ыдысына құюға болмайды.
ҚазаҚша
81