Philips HR-1854 User Manual

Page of 92
 - Қабықтар жинағышты алып тастаңыз;
 - Итергішті алып тастаңыз;
 - Бекіткіштерді ашыңыз;
 - Қақпақты алып тастаңыз;
 - Шырын жинағышты фильтірімен бірге алыңыз;
 - Қыстырғышты шырын жинағыштан алыңыз.
 3 
 Бәрі бөлшектерді тазалауыш щеткамен жылы суда, жуғыш сұйықтықпен жуып, ағын су 
астында шайыңыз.
Ескертпе: Фильтірді тазалау үшін жұмсақ қылшық қолданыңыз.
Ескертпе: Сіз, сонымен қатар, мотор бөлігінен басқа барлық бөлшектерді ыдыс жуғышта да 
жууыңызға болады.
 4 
 Моторды дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Тастау
 - Құрылғыны өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға 
болмайды. Оның орнына бұл құрылғыны арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу 
мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған ортаны қорғауға себебіңізді тигізесіз (Cурет 8).
кепілдік және қызмет көрсету
Егер көмек немесе ақпарат керек болса, не болмаса сізде шешілмеген мәселе болса, Philips 
компаниясының www.philips.com веб-сайтына кіріңіз немесе өз еліңіздегі Philips Тұтынушылар 
орталығына хабарласыңыз (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан 
табасыз). Еліңізде Тұтынушылар орталығы жоқ болған жағдайда жергілікті Philips дилерімен 
байланысыңыз.
ақаулықтарды шешу 
Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер 
төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы 
орталығына хабарласыңыз. 
Ақаулық
Шешімі
Құрал жұмыс 
жасамайды.
Құрал қауіпсіз жүйесімен қамтамасыз етілген. Ол бөлшектер дұрыс 
жиналмағанда жұмыс жасамайды. Бақылау түймесі «Сөндірулі» 
(‘off’) ұстанымында екендігін тексеріңіз. Содан соң, бөлшектер 
дұрыс орнатылғандығын және қақпақ қыстырғыштармен дұрыстап 
бекітілген екендігін тексеріңіз.
Мотордан алғашқы 
бірнеше рет қолданған 
кезінде жаман иіс 
шығады.
Бұл әдеттегі нәрсе. Егер құрал осындай иісті шығаруын сіз бірнеше 
рет қолданғанда да жалғастыра берсе, онда тым көп мөлшердегі 
тағам өндіріп жатпағаныңызды тексеріңіз. Әрі, құралды тым ұзақ 
жұмыс жасатпаңыз.
Құрал қатты шу 
шығарады, жаман иіс 
шығарады, қол 
тигізбейтіндей ысып 
кетеді, түтін шығарады, 
т.б.
Құралды өшіріп, тоқтан суырыңыз. Өзіңізге жақын орналасқан 
Philips қызмет орталығына немесе диллеріне арызданыңыз.
ҚазаҚша
41