Philips BG 105/10 Bodygroom series 1000 User Manual

Page of 116
46
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош 
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану 
үшін, өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Philips компаниясы дененің ең сезімтал жерлеріндегі түкті қырудың 
қауіпсіз және жұмсақ әдісін ұсынады. Берілген жаңа дене гумері арқылы 
кез келген мейрамда өзіңізді таза әрі сенімді сезіну үшін жайлы қырына 
аласыз. 
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1  Шаш кесу
2  Қыру басының құлыпталған күйі
3  Қосу/өшіру сырғытпасы
4  Батарея бөлімі қақпағының құлпы ашылған күйі
5  Душ белбеуінің ұясы
6  Душ белбеуі
7  3 мм қыру тарағы
8  0,5 мм тері қорғағышы
9  Щетка
10  AA сілтілі батарея
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып 
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап 
қойыңыз.
Абайлаңыз!
 
-
Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және 
физикалық, сезу немесе ойлау қабілеттері шектеулі, не болмаса 
тәжірибесі және білімі жоқ адамдар қадағалаумен немесе 
құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және 
байланысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана алады.  
Балалар құрылғымен ойнамауы керек. 8 жасқа толмаған балалар 
тазалауды және күтуді қадағалаусыз орындамауы керек.
Абайлаңыз
 
-
Қолданбас бұрын, құралды әрдайым тексеріңіз. Құралдың қандай да 
бір бөлшектері зақымдалса немесе сынса, оны қолданбаңыз, себебі 
бұл жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін.
 
-
Бұл құралды тек мойыннан төмен дене аумақтарында 
пайдаланыңыз. Бұл құралды баста және бетте пайдаланбаңыз.
 
-
Құралды 0,5 мм тері қорғағышынсыз немесе 3 мм қырқу тарағынсыз 
пайдаланбаңыз.
 
-
Қысқа түктерді қырқуға арналған 0,5 мм тері қорғағышын пайдалану 
алдында ұзын шаштарды 3 мм қырқу тарағымен қырқу ұсынылады. 
 
-
Қолданылатын ортада температура, қысым немесе ылғалдылық 
қатты өзгерсе, құралды пайдаланбас бұрын оның қоршаған орта 
жағдайларына бейімделуіне 30 минут беріңіз.
 
-
Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам ғана қолдануы тиіс.
 
-
Қосымшаларды тазалағанда сақ болыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін, 
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
ҚАЗАҚША