Zanussi ZEM 56740 XB User Manual

Page of 56
• Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерін ұстамаңыз.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен
жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
• Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің элементін, ыдыс
анықтағышқа сүйенбей, оның басқару тетігімен сөндіріңіз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уəкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
  Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
ең аз қашықтықты сақтаңыз.
 
3
www.zanussi.com