Philips SC 1992/00 Lumea User Manual

Page of 114
25
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош 
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану 
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Түкті жарыққа негізделген әдіспен алу — денедегі қажетсіз түкті ұзақ 
шықпайтын етіп алудың ең тиімді әдістерінің бірі. Ол үйдегі түкті алу 
әдісінен басқаша, себебі ол түктің қайта өсуін едәуір азайтады. Philips 
компаниясы бұл әдісті жетекші дерматологтармен бірге  
15 жылдан аса зерттеп келді. Енді қалаған уақытта және қалаған жерде 
осы инновациялық технологияны өз үйіңізде қолайлы пайдалана аласыз. 
Бұл құрал әйелдер үшін арнайы жасалып, оңтайландырылған, бірақ оны 
ерлер де пайдалана алады. 
Philips Lumea Essential мойыннан төмен дене аумақтарындағы керексіз 
түкті кетіруге мүмкіндік береді.
Philips Lumea Essential тек бір адамның пайдалануына арналған.
Philips Lumea Essential туралы қосымша ақпаратты www.philips.com/
lumea веб-торабынан қараңыз. Басты бетімізден мерзімді түрде 
жаңартуларды тексеріп тұрыңыз. 
Артықшылықтар
Бұл құралдың мынадай артықшылықтары бар:
Үйде пайдалануға арналған қарқынды импульсті жарық 
шығару (IPL) технологиясы
Philips Lumea Essential құрылғысы «Intense Pulsed Light» (IPL) (Жоғары 
қарқынды жарық әрекетінің негізіндегі лазер жүйесі) аталатын жарық 
негізіндегі технологиясын пайдаланады. IPL түкті алу бойынша кәсіби 
сұлулық нарығында да пайдаланылады және соңғы он бес жыл бойы 
пайдаланылып келеді. Philips Lumea Essential құрылғысы үйіңізге 
жайлылық үшін осы инновациялық технологияны әкеледі.
Күнделікті тегіс ету үшін түкті қайта шығуын тоқтату
Бұл әдіс түктің қайта шығуын ұзақ уақытқа тоқтатады және теріні 
жібектей теп-тегіс етеді. Біздің зерттеулеріміз бар болғаны екі рет 
қолданғаннан кейін түктің едәуір азайғанын көрсетті. Жалпы төрт-
бес рет қолданғаннан кейін оңтайлы нәтижелерге қол жеткізілді. Әр 
қолданғаннан кейін түк тығыздығының азайғаны білінеді. Әсердің 
қаншалықты жылдам білінетіні және нәтижелердің ұзақтығы әр адамға 
байланысты әр түрлі болады. Толық ақпаратты «Құрылғыны пайдалану» 
тарауының «Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу тәсілі» бөлімінен қараңыз.
Сезімтал дене тұстарында да жұмсақ әдіспен қолданылады
Philips Lumea Essential өнімі тіпті ең сезімтал орындардың өзінде тиімді 
және жұмсақ түкті алу үшін жетекші дерматологтармен тығыз байланыс 
жасай отырып әзірленген.
Ауыстырылатын бөлшектер қажет емес, жасырын 
шығындар жоқ
Philips Lumea Essential ауыстыруды қажет етпейтін өнімділігі жоғары 
шаммен жабдықталған. Бұл шам 100 000-нан аса жарқыл шығарады 
және қымбат ауыстырылатын шамдарға ақша үнемдей отырып, 5 
жылдан* аса нәтижелерді үзіліссіз ұстап тұруға мүмкіндік беруі керек.
*Орташа пайдалану сценарийі мен бір пайдаланушыға ұсынылатын 
өңдеу режиміне негізделеді.
ҚАЗАҚША