Samsung MC32K7055CT User Manual

Page of 256
Казақ 15
Пешті іске
 пайдалану
Қарқынды қызу функциясына қатысты нұсқаулар
Келесі кестеде 10 
Аэрогриль Hot Blast Авто (Қарқынды қызу авт.) бағдарламалары, тағамның 
мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген. Бұл бағдарламалар микротолқын, гриль 
және конвекция қыздырғышын қолданып жұмыс істейді.
Код/Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері
Нұсқаулар
H1
Мұздатылған таба 
пиццасы
400-450 г
Пиццаның орамын алып, астыңғы торға 
қойыңыз. 
Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
H2
Үй пиццасы
500-550 г
•  Құраластар
Пицца наны (200-250 г)
150 г ақ ұн, 3 г құрғақ ашытқы, 0,5 ас қасық 
зәйтүн майы, 100 мл жылы су, 0,5 ас қасық қант 
және тұз
Толтырмасы
100 г туралған көкөністер, 100 г қызанақ езбесі, 
80-100 г үккіштен өткізілген моцарелла ірімшігі
•  Тәсіл
Ұнды, ашытқыны, майды, тұзды, қантты және 
жылы суды шараға құйып, ылғалдау қамыр 
илеңіз. Миксермен немесе қолмен шамамен 
5-10 минут илеңіз. Қақпақ жауып, 30 мин. 
тындырып қойыңыз.
Пицца нанын жұқа етіп жайыңыз. Нанның үстіне 
қызанақ езбесін жайып, үстіне көкөністерден 
салыңыз. Үстіне біркелкі етіп ірімшіктен себіңіз. 
Үстіңгі торға қойыңыз. Пісіріп болғаннан кейін, 
2-3 минут қоя тұрыңыз.
Қарқынды қызу авт. функцияларын қолдану
10 
Аэрогриль Hot Blast Авто (Қарқынды қызу авт.) функциясының алдын ала бағдарламаланған 
пісіру уақыттары бар. Пісіру уақыты немесе қуат мәнін орнатудың қажеті жоқ. Тағамның үстелге 
тартылатын мөлшерін 
Көп функция таңдайтын диск тетігін бұрап реттей аласыз.
МАҢЫЗДЫ
Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
Есікті ашыңыз. Тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Есікті жабыңыз.
1
1.  Аэрогриль Hot Blast Авто (Қарқынды қызу 
авт.) түймесін басыңыз.
3
4
2
2.  Көп функция таңдайтын диск тетігін бұрап, 
пісірілетін тағамның түрін таңдаңыз. 
Әртүрлі алдын ала орнатылған 
бағдарламалардың сипаттамасын келесі беттегі 
кестеден қараңыз. Осы кезде тағам түрін таңдау 
үшін 
Көп функция таңдайтын диск тетігін 
басыңыз. 
3.  Тағам тарту мөлшерін Көп функция таңдайтын 
диск тетігін бұрап орнатыңыз. 
4.  СТАРТ/+30s (БАСТАУ/+30с) түймесін басыңыз. 
Нәтижесі: Тағам таңдалған, алдын ала 
бағдарламаланған параметр бойынша 
пісіріледі. Бұл цикл аяқталған кезде. 
1)  Пеш 4 рет сигнал береді. 
2)  Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі 
(минутына бір рет). 
3)  Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі. 
MW7000K_MC32K7055CT_BW_DE68-04443A-01_RU+UK+KK+UZ.indb   15
2016-09-05     1:45:11