Samsung MC32K7055CT User Manual

Page of 256
38 Казақ
Пешті іске
 пайдалану
Пешті іске пайдалану
Жібіту функцияларын қолдану
Ускоренная Разморозка (Қарқынды жібіту) функциялары етті, құс етін, балықты, нанды, торт 
және жеміс-жидекті жібітуге көмектеседі. Жібіту уақыты мен қуат мәні автоматты түрде орнайды. 
Тек бағдарлама мен салмақты таңдасаңыз жеткілікті.
ЕСКЕРТПЕ
Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
Есікті ашыңыз. Тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Есікті жабыңыз.
1
1.  Ускоренная Разморозка (Қарқынды жібіту) 
түймесін басыңыз.
3
4
5
2
2.  Көп функция таңдайтын диск тетігін бұрап, 
пісірілетін тағамның түрін таңдаңыз. Әртүрлі 
алдын ала орнатылған бағдарламалардың 
сипаттамасын келесі беттегі кестеден қараңыз. 
Осы кезде тағам түрін таңдау үшін 
Көп функция 
таңдайтын диск тетігін басыңыз.
3.  Тағам тарту мөлшерін Көп функция таңдайтын 
диск тетігін бұрап орнатыңыз.
4.  СТАРТ/+30s (БАСТАУ/+30с) түймесін басыңыз.
Нәтижесі: 
•  Жібіту басталады.
•  Тағамды жібітіп жатқанда пештен сигнал естіліп, 
тағамды аудару қажет екенін хабарлайды.
5.  Жібітуді аяқтау үшін СТАРТ/+30s (БАСТАУ/+30с) 
түймесін қайта басыңыз.
Нәтижесі: Бұл цикл аяқталған кезде.
1)  Пеш 4 рет сигнал береді.
2)  Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі 
(минутына бір рет).
3)  Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.
Қарқынды жібіту нұсқаулары
Келесі кестеде әр түрлі 
Ускоренная Разморозка (Қарқынды жібіту) бағдарламалары, тағамның 
мөлшері мен тиісті ұсыныстар берілген. Тағамды жібітудің алдында орам материалдарының 
барлығын алыңыз. Етті, құс етін және балықты жалпақ шыны табаққа не керамика табаққа салыңыз 
да, нан мен тортты, жемісті ас үй қағазына салыңыз.
Код/Тағам Үстелге тарту 
мөлшері
Нұсқаулар
1
Ет
200-1500 г
Шеттерін алюминий фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал берген 
кезде етті аударыңыз. Бұл сиыр, қой, шошқа етін, стейк, туралған 
ет, фаршталған етті пісіруге жарайтын бағдарлама. 20-60 минут 
қоя тұрыңыз.
2
Құс еті
200-1500 г
Сирақтары мен қанаттарының ұшын алюминий фольгамен 
жабыңыз. Пеш сигнал берген кезде құс етін аударыңыз. Бұл бүтін 
тауықты да, сонымен қатар бөлшектелген тауық етін де пісіруге 
жарайтын бағдарлама. 20-60 минут қоя тұрыңыз.
3
Балық
200-1500 г
Бүтін балықтың құйырығын алюминий фольгамен жабыңыз.  
Пеш сигнал берген кезде балықты аударыңыз. Бұл бүтін балықты 
да, балық филесін де пісіруге жарайтын бағдарлама. 20-50 минут 
қоя тұрыңыз.
4
Нан/Торт
125-1000 г
Нанды ас үй қағазына көлденеңінен қойыңыз да, пештен сигнал 
естілген кезде дереу аударыңыз. Тортты керамика табаға қойып, 
егер мүмкін болса, пештен сигнал естілген бетте аударыңыз. 
(Пеш жұмыс жасай береді, есікті ашқан кезде тоқтап қалады.) 
Бағдарлама нанның туралған, туралмаған барлық түрлеріне, 
сонымен қатар булочка мен багетаға да жарайды. Булочкаларды 
айналдыра қойыңыз. Бұл бағдарлама ашыған қамырдан жасалған 
торт, печенье, чизкейк және ашымаған қамырдан жасалған 
кондитер өнімдерінің барлығына сай келеді. Бұл шала ашыған/
қытырлақ кондитер өнімдері, жеміс және кремі бар торттарға, 
сонымен қатар үсті шоколадпен безендірілген торттарға сай 
келмейді. 10-30 минут қоя тұрыңыз.
5
Жеміс
100-600 г
Жемістерді шыны табаққа біркелкі таратып салыңыз. Бұл 
жемістердің барлық түрлеріне сай келетін бағдарлама. 5-20 минут 
қоя тұрыңыз.
MW7000K_MC32K7055CT_BW_DE68-04443A-01_RU+UK+KK+UZ.indb   38
2016-09-05     1:45:13