Samsung GE83KRQW-2 User Manual

Page of 192
Казақ - 28
ЖҰМСАРТУ/ЕРІТУ ФУНКЦИЯСЫ/ПІСІРУ
Келесі кестеде Жұмсарту/Еріту бағдарламалары, тағамның мөлшері, қоя тұру 
уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген.
Код/Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері
Нұсқаулар
1
Сары майды 
еріту
50 г
100 г
Сары майды 3 немесе 4 бөлікке бөліп, кішкене 
шыны ыдысқа салыңыз. Қақпақ жаппай ерітіңіз. 
Пісіріп болғаннан кейін араластырыңыз.  
1-2 минут қоя тұрыңыз.
2
Қара шоколадты 
еріту
50 г
100 г
Қара шоколадты үгітіп, кішкене шыны ыдысқа 
салыңыз. Қақпақ жаппай ерітіңіз. Ерітіп болғаннан 
кейін араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
3
Қантты балқыту
25 г
50 г
Қантты кішкене шыны ыдысқа салыңыз.  
25 г үшін 10 мл су, 50 г үшін 20 мл су қосыңыз. 
Қақпақ жаппай ерітіңіз. Абайлап алыңыз, пеш 
қолғабын киіңіз! Қасықты немесе шанышқыны 
пайдаланып, карамель безендіргішті пісірме 
қағазға құйыңыз. 10 минут қоя тұрыңыз, содан кейін 
қағаздан алыңыз.
4
Сары майды 
жұмсарту
50 г
100 г
Сары майды 3 немесе 4 бөлікке бөліп, кішкене 
шыны ыдысқа салыңыз. Бетін жаппай ерітіңіз. 
Пісіріп болғаннан кейін араластырыңыз.  
1-2 минут қоя тұрыңыз.
ЖҰМСАРТУ/ЕРІТУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Жұмсарту/Еріту функциясын қолданғанда пісіру уақыты автоматты түрде 
орнайды.
Тағамды 
Растапливание (Жұмсарту/Еріту) түймешігі мен Жоғары/Төмен 
түймешігін қажетінше басып таңдауыңызға болады.
Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті жабыңыз.
1.  Растапливание (Жұмсарту/Еріту) түймешігін басып, 
санатты 
Жоғары/Төмен түймешігін басып таңдаңыз.
Содан кейін орнату үшін таңдау түймешігін басыңыз.
2.  Қалаған тағамды таңдау үшін Жоғары/Төмен 
түймешігін басыңыз.
3.  СТАРТ (БАСТАУ) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: Тағам алдын ала бағдарламаланған 
параметр бойынша пісіріледі.
•  Тағам пісіру уақыты аяқталған кезде 
пештен дыбысты сигнал естіледі де, 
“End” 4 рет жыпылықтайды. Содан кейін 
пеш минутына бір рет сигнал береді.
Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
GE83KRQW-1_BWT_DE68-04283B-00_KK.indd   28
2015-01-29     9:25:29