Samsung GE83KRQW-2 User Manual
Казақ - 33
05
ЫДЫС БОЙЫНША НҰСҚА
УЛЫҚ
ыдыс бойынша нұсқаулық
Микротолқынды пеште тағам пісіру үшін, микротолқындар ыдысқа шағылыспай немесе
ыдысқа сіңбей тағамнан өте алатындай болуға тиіс. Сондықтан да, ыдыс-аяқты дұрыс
таңдау қажет. Микротолқынға төзімді деген белгісі бар ыдысты алаңсыз қолдана
беруге болады. Келесі кестеде әр түрлі ыдыс түрлері және оларды микротолқынды
пеште қалай қолдануға болатындығы көрсетілген.
Ыдыс-аяқ
Микротолқынға
төзімді
Түсіндірме
Алюминий фольга
✓ ✗
Тағамның осал жерлері қатты пісіп кетпес
үшін, кішкене қағаздармен жабыңыз. Фольга
пештің қабырғасына тым жақын қойылса
немесе тым көп фольга қолданылса электр
жарқылы пайда болуы мүмкін.
Браунинг табағы
✓
Сегіз минуттан артық қыздырмаңыз.
Фарфор және керамика
✓
Фарфор, керамика, безендірілген керамика
мен қатты фарфор ыдыстарды, жиегі металл
болмаса әдетте қолдана беруге болады.
Бір рет қолданылатын
полиэфир картон ыдыстар
✓
Кейбір мұздатылған тағамдар осындай
ыдыстарға оралады.
Фастфуд орамдары
• Полистирол кеселер,
• Полистирол кеселер,
сауыттар
✓
Тағамды жылыту үшін қолдануға болады.
Қатты қыздырса, полистирол еріп кетуі мүмкін.
• Қағаз қалталар немесе
газет
✗
Өртеніп кетуі мүмкін.
• Өңдеуден өткізілген
қағаз немесе металл
жиектер
✗
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.
Шыны ыдыс
• Пеш-үстел ыдысы
• Пеш-үстел ыдысы
✓
Металл жиегі болмаса, қолдана беруге
болады.
• Жұқа шыны ыдыс
✓
Тағам немесе сусындарды жылыту үшін
қолдануға болады. Осал шыны ыдыс кенет
қыздырған кезде сынып немесе жарылып
кетуі мүмкін.
• Шыны банкалар
✓
Қақпағын алу керек. Тек тағамды жылытуға
жарайды.
Ыдыс-аяқ
Микротолқынға
төзімді
Түсіндірме
Металл
• Ыдыстар
• Ыдыстар
✗
Электр жарқылы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Мұздатқыш қалтаның
қыстырғышы
✗
Қағаз
• Табақтар, кеселер,
• Табақтар, кеселер,
майлықтар және ас үй
қағазы
✓
Тағамды аз уақыт пісіру немесе жылыту үшін.
Сонымен қатар, артық ылғалды сіңіру үшін.
• Өңделген қағаз
✗
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.
Пластик
• Сауыттар
• Сауыттар
✓
Қызуға төзімді термопластик болса әсіресе
сай келеді. Кейбір пластиктер жоғары
температурада майысып, түсі өзгеріп кетуі
мүмкін. Меламин пластигін қолданбаңыз.
• Пластик таспа
✓
Ылғалды ұстап тұру үшін қолдануға болады.
Тағамға тигізбеу керек. Жылтыр қағазды
алғанда абай болыңыз, ыстық бу шарпуы
мүмкін.
• Мұздатқыш қалталар
✓ ✗
Қайнатуға немесе пешке төзімді болса. Ауа
өткізбейтін болмауға тиіс. Қажет болса,
шанышқымен тесіңіз.
Балауыз немесе май
өткізбейтін қағаз
✓
Тағам шашырамас үшін және ылғалды ұстап
тұру мақсатында қолдануға болады.
✓
: Ұсынылады
✓✗
: Сақтықпен пайдаланыңыз
✗
: Қауіпсіз емес
GE83KRQW-1_BWT_DE68-04283B-00_KK.indd 33
2015-01-29 9:25:33