Samsung HW-H355 User Manual

Page of 23
2
мүмкіндіктері
SoundConnect
SoundConnect мүмкіндігі Wireless Audio - Soundbar жүйесіндегі Bluetooth үйлесімді Samsung теледидарынан Bluetooth 
қосылымы арқылы теледидар дыбысын ойнатуға жəне дауысты басқаруға мүмкіндік береді.
3D SOUND PLUS
3D SOUND PLUS мүмкіндігі жақсы тыңдау үшін тереңдік пен еркіндік қосады.
Арнайы дыбыс режимі
Тыңдайтын мазмұн түріне байланысты 5 түрлі дыбыс режимінің ішінен біреуін таңдауға болады: MUSIC (МУЗЫКА), 
VOICE (ДЫБЫС), SPORTS (СПОРТ), CINEMA (КИНОТЕАТР) жəне STANDARD (СТАНДАРТТЫ).
Көп функциялы қашықтан басқару құралы 
Soundbar жүйесімен берілген қашықтан басқару құралын осы құрылғыға жалғанған теледидарды басқару үшін 
пайдалануға болады. (Тек Samsung теледидарларымен жұмыс істейді)
Қашықтан басқару құралында жай ғана бір рет басу арқылы əртүрлі əрекеттерді орындауға болатын теледидарды 
жылдам қосу түймесі бар.
Белсенді динамик жүйесі
Бұл құрылғыда біртұтас жұқа құрылғы арқылы жоғары сапалы дыбыспен қамтамасыз ететін Белсенді динамик жүйесі бар.
Бұл құрылғыға əдетте қалыпты көлемді дыбыс жүйелерімен байланысты қандай да бір қосымша динамик жүйелері 
немесе динамик кабельдері қажет емес.
USB Host қолдауы
MP3 ойнатқыштар, USB флеш құрылғылары, т.б. сияқты сыртқы USB сақтау құрылғыларынан Soundbar құралының 
USB HOST функциясын пайдаланып,музыка файлдарын ойнатуға болады.
Bluetooth функциясы
Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын Soundbar жүйесіне қосуға 
болады!
ЛИЦЕНЗИЯ
Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған. «Dolby» жəне қос D таңбасы Dolby Laboratories 
компаниясының сауда белгілері болып табылады.
DTS патенттерін алу үшін http://patents.dts.com торабын қараңыз. DTS Licensing Limited лицензиясына сəйкес 
өндірілген. DTS, таңба жəне DTS пен таңба бірге — тіркелген сауда белгілер, ал DTS 2.0 Channel — DTS, Inc 
компаниясының сауда белгісі. © DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.