Philips FC6148 FC6148/71 Data Sheet

Product codes
FC6148/71
Page of 156
61
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына 
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толық пайдалану 
үшін, өнімді «www.philips.com/welcome» веб-бетінде тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a  Алынатын саптама
B  Саптамасын босататын түйме 
C  Шаң жинағыш орын
D  Шаң жинағыш орнын ашатын түйме
E  Зарядталып жатыр дегенді білдіретін жарық
F  2 жылдамдығы бар қосу/өшіру сырғымасы
g  Жұмыс жасап болған ауаны шығаратын тесікшелер
h  Адаптер
i  Жарықшақты аспап кішкене қондырғы
J  Зарядтау құрылғысы
k  Қылшақты аспап
l  Фильтр бөлігі
1  Сыртқы фильтір
2  Фильтр ұстағышы бар ішкі фильтр
Маңызды
Құрылғыны қолданбас бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият 
оқып шығыңыз да, оны анықтамалық құрал ретінде сақтап қойыңыз.
Қауіпті
 - Суды немесе басқа сұйықтықты сорғызуға болмайды. Жеңіл 
жанатын заттарды сорғызуға болмайды, ал күлді суығаннан кейін 
сорғызу керек.
 - Шаң сорғышты немесе зарядтаушыны ешқашан суға немесе басқа 
сұйықтыққа батырмаңыз.
Ескерту
 - Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті 
ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
ҚазаҚша