LG LGH818P Manual De Propietario

Descargar
Página de 472
29
Басты экран
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту - саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте
жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру: экрандағы элементті түртіп, әрекет
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз.
Сүйреу - элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты
көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда
жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді
сүйреуге болады.
Жүргізу немесе сырғыту: жүргізу (жанап өту) немесе
сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда тез
жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз).
Екі рет түрту: веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет
түртіңіз.
Масштабтау үшін шымшу: шолғышты, карталар бағдарламасын
пайдаланып жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде үлкейту
немесе кішірейту үшін шымшу не ашу қозғалысымен екінші
саусағыңыз бен бас бармағыңызды пайдаланыңыз.
Экранды бұру: көп қосымшаларда және мәзірлерде экранның
бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай реттеледі.
ЕСКЕРТПЕ
Тым қатты баспаңыз, сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді
сезетіндей сезімтал.
Қажетті опцияны түрту үшін саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа
түймелерді түртпеңіз.
Басты экран