LG LGH818P Manual De Propietario

Descargar
Página de 472
72
Камера және бейне
Dual Play
Dual Play (екі дисплеймен сымды немесе сымсыз байланыс)
функциясын басқа экранда іске қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ
Екі құрылғыны сымды (Slimport-HDMI) кабельмен немесе сымсыз
(Miracast) жолмен қосыңыз. Қосылатын құрылғы HDMI кабелі немесе
Miracast қолданылатын теледидар немесе монитор болуы мүмкін.
«Галерея» және «Бейне» қолданбалары Dual Play функциясында
қолданылады. Екі дисплей әртүрлі күйде (басқаша айтқанда,
монитордан бейне ойнатылып жатқанда және телефонның бейне
қолданбасы бос экранды көрсетіп тұрғанда) болғанда   опциясын
бір рет түртіңіз, одан кейін Dual Play іске қосылады. Барлық бейнелер
Dual Play функциясында қолданылмайды. Dual Play функциясы
1280X720 немесе одан жоғары ажыратымдылықпен істейді.
Галерея
Галерея қосымшасы сақтау орнындағы суреттер мен бейнелерді,
оның ішінде Камера қосымшасымен түсірілгендерді және интернет
немесе басқа орындардан жүктеп алынғандарды көрсетеді.
1  
Сақтау орнында сақталған суреттерді көру үшін   >   >  
тармағын түртіңіз.
2  
Альбомды ашу және оның құрамын көру үшін оны түртіңіз.
(Альбомдағы суреттер мен бейнелер хронологиялық ретпен
көрсетіледі.)
3  
Альбомдағы суретті түртіп көріңіз.