Zanussi ZDF91200WA Manual De Usuario

Descargar
Página de 40
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде
еш жерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қолданылуы
• Бұл құрылғы үйде жəне сол сияқты
төменде аталған жерлерде қолдануға
арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің жəне басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде
– Фермадағы үйлерде
– Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа
да тұрғынды жерлерде
– Төсек жəне таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, күйіп қалу, электр немесе өрт
қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке
салыңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда
жуғыш зат болуы мүмкін.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу
шығуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Қызмет көрсету
• Құрылғыны жөндету үшін
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.
• Қызмет көрсету орталығына
хабарласқан кезде техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген келесі
деректердің дайын болуын қамтамасыз
етіңіз.
Үлгісі:
Өнім нөмірі (PNC):
 
3
www.zanussi.com