Philips SC 1995/00 Lumea Advanced IPL Manual De Usuario

Descargar
Página de 66
Абайлаңыз
-
Бұл құрылғы жуылмайды. Құрылғыны суға ешқашан батырмаңыз және
ағын су астында шаймаңыз.
-
Тазалық мақсатында құрылғыны тек бір адам қолдануы тиіс.
-
Бұл құрылғыны теріңіздің түріне қолайлы параметрлерде ғана
пайдаланыңыз. Ұсынылғандардан жоғары параметрлерде пайдалану тері
реакцияларының қаупін және кері әсерлерді арттыруы мүмкін.
-
Құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы
мақсатта қолданыңыз.
-
Құрылғыны тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді, қырғыш
тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон сияқты
сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
-
Құрылғыны тексеру немесе жөндету үшін, оны тек қана Philips әкімшілігі
берген қызмет орталығына апарыңыз. Құралды біліксіз адамдарға
жөндету, қолданушыға өте қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттарға және ережелерге сәйкес келеді.
IPL 
жұмысы
IPL 
технологиясымен жарық импульстері теріге қолданылады және
түк түбірімен сіңіріледі. Түк қара болса, жақсы жарық импульстері сіңіріледі.
Жарық импульстері түк фолликуласының қалған фазаға өтуіне көмектеседі.
Нәтижесінде, түк нәзіктігін сақтай отырып, табиғи түсуі мен қайта өсуін
болдырмайды.
37
Қазақша