Philips 55PUT4900/12 Manuel D’Utilisation

Page de 66
1
Теледидар
нұсқаулығы
1.1
Ultra HD теледидары
Бұл теледидардың Ultra HD дисплейі бар. Оның
ажыратымдылығы әдепкі HD дисплейінен төрт есе артық.
Ultra HD теледидардағы өңделген және жанды көріністің
сапасын 8 миллион пиксельге арттырады.
Түпнұсқалық Ultra HD бейнелерін HDMI қосылымы арқылы
көре аласыз. Ultra HD теледидар көрінісін үлкен экранның
өзінде анық және бейнелі етеді.
1.2
Теледидарды және
жазбаларды уақытша тоқтату
USB қатты дискісін қоссаңыз, сандық теледидар арнасынан
таратылымды кідіртуге және жазуға болады.
Теледидарды уақытша тоқтатып, шұғыл қоңырауға жауап
беріңіз немесе спорттық матч кезінде үзіліс жасаңыз, бұл
кезде теледидар таратылымды USB қатты дискісіне
сақтайды. Кейінірек қайта қарауға болады.
USB қатты дискісі қосылып тұрғанда, сандық
таратылымдарды да жазуға болады. Бағдарламаны көріп
отырғанда жазуға немесе алдағы бағдарламаны жазуды
жоспарлауға болады.
 
1.3
EasyLink
EasyLink көмегімен Blu-ray Disc ойнатқышы сияқты
қосылған құрылғыны теледидардың қашықтан басқару
құралымен басқаруға болады.
EasyLink қосылған құрылғылармен байланысу үшін HDMI
CEC мүмкіндігін пайдаланады.
 
3