Philips 55PUT4900/12 Manuel D’Utilisation

Page de 66
11
Көздер
11.1
Құрылғыға ауысу
Байланыстар тізімінде - Сигнал көзі мәзірі - теледидарға
қосылған құрылғыларды табуға болады. Осы Сигнал көзі
мәзірінен құрылғыға ауысуға болады.
Sources (Көздер) мәзірі
 
 
Sources (Көздер) мәзірін ашу үшін  SOURCES пернесін
басыңыз.
Қосылған құрылғыға ауысу үшін  (сол) немесе  (оң)
көрсеткілермен құрылғыны таңдап, OK түймесін басыңыз.
Құрылғыға ауыспастан Source (Көз) мәзірін жабу үшін 
 SOURCES пернесін қайтадан басыңыз.
11.2
Күту режимінен
Күту режимінде тұрған теледидармен жалғанған
құрылғыны теледидардың қашықтан басқару құралы
көмегімен қосуға болады.
Ойнату
 
 
Диск ойнатқышы мен теледидарды күту режимінен қосып,
дискіні немесе бағдарламаны бірден ойнатуды бастау үшін
теледидардың қашықтан басқару құралындағы  (ойнату)
пернесін басыңыз.
Құрылғыны HDMI кабелімен жалғау қажет және теледидар
мен құрылғыда HDMI CEC қосулы болуы тиіс.
Үй іші театр жүйесі
Дыбыс дискіні немесе радио арнасын тыңдау үшін және
теледидарды күту режимінде қалдыру үшін үй
кинотеатрының жүйесін қосуға болады.
Күту режимінде тұрған теледидармен тек HTS жүйесін қосу
үшін теледидардың қашықтан басқару құралындағы 
 SOURCE пернесін басыңыз.
11.3
EasyLink
EasyLink арқылы теледидардың қашықтан басқару
құралымен қосылған құрылғыны пайдалануға болады.
EasyLink қосылған құрылғылармен байланысу үшін HDMI
CEC мүмкіндігін пайдаланады. Құрылғылар HDMI CEC
сигналын қолдауы және HDMI қосылымы арқылы
жалғануы тиіс.
 
39