Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
Құрылғыны жұптастыру
Сымсыз динамикті теледидардан 5 метр қашықтыққа
орналастырыңыз. Жұптастыру және сымсыз ауқым туралы
нақты ақпаратты алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын
оқыңыз. Теледидарда Bluetooth параметрі қосылғанын
тексеріңіз.
Сымсыз джойстик жұптастырылса, оны пайдалануға
болады. Сымсыз динамик жұптастырылған кезде,
теледидар дыбысын ойнату үшін таңдауға болады.
Құрылғы жұптастырылған кезде құрылғыны алмай тұрып,
қайта жұптастыруға болмайды.
Сымсыз динамикті теледидармен жұптастыру үшін…
1 - Сымсыз динамикті қосып, теледидар ауқымында
қойыңыз.
2 -  түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
4 - Bluetooth > Search Bluetooth Device (Bluetooth
құрылғысын іздеу) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Search (Іздеу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Құрылғыны
теледидармен жұптайсыз және теледидар қосылымды
сақтайды.
6 - Құрылғы (құлақаспап, сабвуфер, …) түрін, Next (Келесі)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (сол жақ) түймесін
қайталап басыңыз. 
Сымсыз динамикті таңдау туралы қосымша ақпарат алу
үшін Help (Анықтама) ішінде 
 Кілтсөздер түрлі түсті
пернесін басып, Динамиктер, таңдау деп іздеңіз.  
Bluetooth қосу немесе өшіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін Help (Анықтама) ішінде 
 Кілтсөздер түрлі түсті
пернесін басып, Bluetooth, қосу немесе өшіру деп іздеңіз.
Құрылғыны таңдау
Сымсыз Bluetooth динамигі жұптастырылған кезде,
теледидар дыбысын ойнату үшін таңдауға болады.
Теледидар дыбысын ойнататын динамикті таңдау үшін…
1 -  түймесін басып, Speakers (Динамиктер) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажетті динамик жүйесін таңдап, OK пернесін басыңыз.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (сол жақ) түймесін
қайталап басыңыз.
Құрылғыны алып тастау
Сымсыз Bluetooth құрылғысын қосуға немесе ажыратуға
болады. Bluetooth құрылғысы қосылған кезде, джойстик
пайдалануға болады немесе сымсыз динамик арқылы
теледидар дыбысын естуге болады. Сонымен қатар,
сымсыз Bluetooth құрылғысын алып тастауға болады. Егер
Bluetooth құрылғысы алынып тасталса, құрылғы
жұптастырылмайды.
Сымсыз құрылғыны алып тастау немесе ажырату үшін…
1 -  түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз және желілер)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Bluetooth > Remove Device (Құрылғыны жою) тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Тізімде сымсыз құрылғыны таңдап, OK түймесін
басыңыз.
5 - Disconnect (Ажырату) немесе Remove (Жою) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
6 - OK опциясын таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (сол жақ) түймесін
қайталап басыңыз.
4.9
Құлақаспап
Құлақаспаптар жинағын теледидардың артқы
бөлігіндегі  байланысына жалғаңыз. Байланыс — 3,5 мм
шағын ұя. Құлақаспаптардың дыбыс деңгейін бөлек
реттеуге болады.
Дыбыс деңгейін реттеу үшін…
1 -  түймесін басып, Headphone Volume (Құлақаспап
дыбысының деңгейі) опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
2 - Мәнді реттеу үшін  (жоғары) немесе  (төмен)
көрсеткілерін басыңыз.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (сол жақ) түймесін
қайталап басыңыз.
21