Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
4.15
Фотокамера
Сандық фотокамерада сақталған фотосуреттерді көру үшін
фотокамераны теледидарға тікелей жалғауға болады.
Қосу үшін теледидардағы USB қосылымдарының біреуін
пайдаланыңыз. Қосылымды орнатқаннан кейін камераны
қосыңыз.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда болмаса, 
 SOURCES пернесін, одан кейін USB түймесін басыңыз.
Фотокамераны мазмұнын PTP (сурет тасымалдау
протоколы) арқылы тасымалдауға реттеу қажет болуы
мүмкін. Сандық фотокамераның пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
Фотосуреттерді көру туралы қосымша ақпарат алу үшін 
Help (Анықтама) бөлімінде түрлі түсті 
 Keywords
(Кілтсөздер) пернесін басып, Photos, Videos and Music
(Фотосуреттер, бейнелер және музыка) деп іздеңіз.
4.16
Бейне камера
HDMI
Жақсырақ сапа алу мақсатында бейнекамераны
теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Audio Video LR / Scart
Бейнекамераны қосу үшін HDMI, YPbPr немесе SCART
қосылымын пайдалануыңызға болады. Бейнекамерада тек
Video (CVBS) және Audio L/R шығысы болса, SCART
адаптеріне (жеке сатылады) қосу үшін Video Audio L/R -
SCART адаптерін пайдаланыңыз.
4.17
Компьютер
Жалғау
Компьютерді теледидарға қосып, теледидарды компьютер
мониторы ретінде қолдануға болады.
HDMI арқылы
 
 
Компьютерді теледидарға жалғау үшін, HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
DVI - HDMI арқылы
 
 
Не болмаса, компьютерді HDMI ұяшығына жалғау үшін DVI
- HDMI адаптерін (жеке сатылады) және теледидардың
артындағы AUDIO IN L/R ұяшығына жалғау үшін дыбыс L/R
кабелін (3,5 мм шағын ұяшық) пайдаланыңыз.
Ыңғайлы параметр
Егер компьютерді қоссаңыз, компьютер қосылған
қосылымға «Ресурс» мәзірінде дұрыс құрылғы түрінің
атауын беруді ұсынамыз. Одан кейін «Ресурс» мәзірінде 
Computer (Компьютер) параметріне ауыссаңыз, теледидар
ыңғайлы компьютер параметріне автоматты түрде
қойылады.
Теледидар көруге ыңғайлы параметрді Off (Өшірулі) күйіне
немесе ойын ойнау үшін Game (Ойын) күйіне қосылған
ойын консолінен қолмен ауыстыруға болады (ойын
ойнауды тоқтатқанда, «Өшірулі» күйіне кері ауыстыруды
ұмытпаңыз).
Егер қандайда бір ресурсқа ауысып, Game or Computer
(Ойын немесе компьютер) параметрін өзгертсеңіз, ол осы
таңдалған ресурс үшін сақталады.
Теледидарды ыңғайлы параметрге реттеу үшін…
25