Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
1 -  MULTIVIEW
Кішкентай экранды үлкен экранда ашу.
2 -  Дыбыс деңгейі
Дыбыс деңгейін реттейді.
3 - Сан пернелері
Арнаны тікелей таңдайды.
4 - SUBTITLE
Субтитрлерді қосу, өшіру немесе автоматты түрде көрсету.
5 -  Арна
Арналар тізіміндегі келесі не алдыңғы арнаға ауыстырады.
Мәтінде/телемәтінде келесі немесе алдыңғы бетті ашады.
Дискіде келесі немесе алдыңғы тарауды бастайды.
6 -  Дыбысты өшіру
Дыбысты өшіреді немесе қалпына келтіреді.
7 - TEXT
Мәтінді/телемәтінді ашады немесе жабады. 
6.2
Дауыспен іздеу
Қолданбаны Google play дүкенінен
жүктеп алу
Android смартфонын немесе планшетін Android
теледидары үшін қашықтан басқару құралы ретінде
пайдаланыңыз. Android теледидары құрылғысында
контентке өтіп, ойын ойнау үшін басқару құралы,
сенсорлық тақта мен джойстик режимдері арасында оңай
ауысыңыз. Дауыспен іздеуді бастау үшін микрофонды
түртіңіз немесе Android теледидарында мәтінді енгізу үшін
пернетақтаны пайдаланыңыз.
Іске кірісу үшін Android телефонын немесе планшетін
Android теледидары құрылғысының желісіне қосыңыз
немесе bluetooth мүмкіндігі арқылы Android теледидарын
табыңыз.
Барлық Android теледидарларымен жұмыс істейді.
*Android теледидарының қашықтан басқару қолданбасын
пайдалану үшін Android 4.3 немесе одан жоғары нұсқасы
орнатылған Android телефоны немесе планшеті қажет.
Дауыспен іздеу
Теледидармен жұптастыру
Қашықтан басқару құралында микрофон жоқ, егер
дауыспен іздеуді пайдаланғыңыз келсе, Android
смартфонына немесе планшетіне алдымен Android
теледидарын қашықтан басқару қолданбасын
 орнату
қажет.
1 - Android смартфонында немесе планшетіндегі Google
Play дүкенінде «Android теледидарының қашықтан
басқару құралы» деп іздеңіз.
2 - Android теледидарын қашықтан басқару
қолданбасын*
 Android смартфонына немесе планшетіне
жүктеп орнатыңыз.
3 - Android смартфонын немесе планшетін Android
теледидарының желісіне қосыңыз.
4 - Android смартфонында немесе планшетінде
«PhilipsTv»** параметрін таңдаңыз, содан соң Android
теледидары экранда кодты көрсетеді.
5 - Android теледидарымен жұптастыру үшін кодты Android
смартфонына немесе планшетіне енгізіңіз. 
*Android теледидарының қашықтан басқару қолданбасын
пайдалану үшін Android 4.3 немесе одан жоғары нұсқасы
орнатылған Android телефоны немесе планшеті қажет.
**Android теледидарының атауы «Теледидар желі атауы»
бөлімінде орнатқан атауға байланысты. Алдын ала
орнатылған атау осы теледидардың үлгі атауы болып
табылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама) бөлімінде түсті
 Keywords (Кілтсөздер) түймесін басып, Network, TV
Network Name (Желі, теледидар желі атауы) деп іздеңіз.
Дауыспен іздеуді пайдалану
Негізгі мәзірдің жоғарғы жағындағы  белгішесі арқылы
интернетте бейнелерді, музыканы немесе басқа
элементтерді іздеуге болады. Дауыспен іздеуді кез келген
уақытта бастауға болады. Болмаса, мәтінді енгізуге
қашықтан басқару пернетақтасын пайдалануға болады. 
Дауыспен іздеуді пайдалану…
1 - Дауыспен іздеуді бастау үшін смартфондағы 
 белгішесін басыңыз.
2 - Егер  белгішесі экранда қызыл болып жанса,
микрофон қосылады.
3 - Іздеп жатқан затты анық айтыңыз. Нәтижелер көрсетілуі
үшін бірнеше уақыт кетуі мүмкін.
4 - Іздеу нәтижелері бар экранда қажетті элементті
таңдауға болады. 
Сондай-ақ, www.support.google.com/androidtv веб-сайтын
30