Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
14.4
Ойын немесе компьютер
Құрылғы түрі сурет және дыбыс стильдерін,
ажыратымдылық мәндерін және басқа арнайы
құралдарын анықтайды. Ыңғайлы параметрлер туралы
уайымдаудың қажеті жоқ.
Кейбір құрылғылар үшін құрылғы түрі анық болмайды.
Ойын консолінде кірістірілген Blu-ray диск ойнатқышы
болады және түрі ойнатқышқа орнатылады, себебі
көбінесе диск ойнатқышы ретінде пайдаланылады.
Осындай құрылғылар үшін идеалды ойын параметрлеріне
уақытша ауыстыруға болады. Болмаса, қосылған
компьютердің ыңғайлы параметрлеріне ауыстырыңыз.
Ресурстар мәзірінде қосылған құрылғыға ауыстырған
кезде, Game or Computer (Ойын немесе компьютер)
параметрін ғана пайдалануға болады. Ойын немесе
компьютер параметрі таңдалған құрылғыға сақталады.
Ойын немесе компьютер ыңғайлы параметрлерін қолмен
ауыстыру үшін…
1 -  SETTINGS түймесін басып, All Settings (Барлық
параметрлер) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Picture (Сурет) > Advanced (Қосымша) тармағын таңдап, 
OK түймесін басыңыз.
3 - Game (Ойын), Computer (Компьютер) немесе Off
(Өшіру) опциясын таңдаңыз.
4 - Бір қадам артқа оралу үшін  (сол жақ) түймесін
басыңыз не мәзірді жабу үшін  BACK түймесін басыңыз. 
Ойын ойнауды тоқтатқан кезде, осы параметрді Off
(Өшіру) күйіне қайта реттеуді ұмытпаңыз.
14.5
Байланыстарды қайта
сканерлеу
Ресурстар мәзірін соңғы қосылған құрылғылармен жаңарту
үшін барлық теледидар байланыстарын қайта қарап
шығуға болады.
Байланыстарды қайта сканерлеу үшін…
1 - Ресурстар мәзірін ашу үшін  SOURCES түймесін
басыңыз.
2 - Ресурстар мәзірінің үстіңгі оң жағындағы  белгішесін
таңдау үшін  (жоғары) түймесін басыңыз.
3 - Байланыстарды сканерлеуді бастау үшін OK түймесін
басыңыз. Жаңадан қосылған құрылғылар «Ресурстар»
мәзіріне қосылады.
52