Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
16
Games (Ойындар)
16.1
Сізге не қажет
Бұл теледидарда ойын ойнауға болады…
• Негізгі мәзірдегі «Қолданбалар» жиынтығынан
• Негізгі мәзірдегі Google Play дүкенінен
• қосылған ойын консолінен 
Қолданбалар жиынтығынан немесе Google Play дүкенінен
алынған ойын ойнау үшін алдымен теледидарға жүктеліп
орнатылуы қажет. Кейбір ойындарды ойнау үшін джойстик
қажет.
Ойынды Philips қолданбалар жиынтығынан немесе Google
Play дүкенінен орнату үшін теледидар интернетке қосылуы
қажет. Қолданбалар галереясынан алынған
қолданбаларды пайдалану үшін пайдалану шарттарымен
келісу қажет. Google Play қолданбаларын және Google Play
дүкенін пайдалану үшін Google тіркелгісімен жүйеге кіру
қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама) ішінде 
 Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін басып, App
Gallery, Terms of Use
 (Қолданбалар галереясы, Пайдалану
шарттары) немесе App Gallery, Privacy
Settings
 (Қолданбалар галереясы, Құпиялық параметрлері)
деп іздеңіз.
Интернетке қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін Help
(Анықтама) бөліміне түрлі түсті 
 Keywords (Кілтсөздер)
пернесін басып, Network Installation (Желі орнатуы) деп
іздеңіз.
16.2
Джойстиктер
Интернет ойындарын осы теледидардан ойнау үшін
сымсыз джойстиктердің белгілі бір ауқымын қоса аласыз.
Теледидар бір уақытта 2 қосылған джойстикті қолдай
алады. Джойстикті қосқан кезде оны бірден пайдалануға
болады. 
Джойстикті қосу туралы қосымша ақпарат алу үшін Help
(Анықтама) бөлімінде түрлі түсті 
 Keywords
(Кілтсөздер) пернесін басып, Gamepad, connect (Джойстик,
қосу) деп іздеңіз. 
16.3
Ойын ойнау
Негізгі мәзірден
Ойынды негізгі мәзірден бастау…
1 -  HOME түймесін басыңыз.
2 -  Games (Ойындар) бөліміне төмен жылжып, ойынды
таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
3 -  BACK түймесін қайталап басыңыз немесе  EXIT
түймесін басыңыз не оның арнайы шығу/тоқтату түймесі
арқылы қолданбаны тоқтатыңыз.
Ойын консолінен
Ойын консолінен ойынды бастау…
1 - Ойын консолін қосыңыз.
2 -  SOURCES түймесін басып, ойын консолін немесе
қосылымның атауын таңдаңыз.
3 - Ойынды бастаңыз.
4 -  BACK түймесін қайталап басыңыз немесе  EXIT
түймесін басыңыз не оның арнайы шығу/тоқтату түймесі
арқылы қолданбаны тоқтатыңыз. 
Ойын консолін қосу туралы қосымша ақпарат алу үшін 
Help (Анықтама) бөлімінде түсті 
 Keywords
(Кілтсөздер) пернесін басып, Game Console, connect (Ойын
консолі, қосу) деп іздеңіз.
16.4
Бөлінген экранда ойнау
Бөлінген экранда ойнау туралы
Қосылған ойын консолінен экрандары бөлек екі ойыншыға
арналған ойын ойнасаңыз, әрбір экранды толық экран
ретінде көрсететіндей етіп теледидарды орнатуға болады.
Әрбір ойыншы ойынның тек өз бөлігін толық экранда
көреді. Теледидар екі экранды да көрсету үшін 3D
технологиясын пайдаланады.
Сізге не қажет
 
 
Ойын консолі HDMI арқылы жалғануы тиіс.
Бұл теледидарды екі ойыншыға арналған ойын ойнау үшін
2 белсенді 3D көзілдірігі қажет. Үйлесімді Philips белсенді
3D көзілдіріктері тізімін қараңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін Help (Анықтама) бөлімінде түрлі түсті 
 Keywords (Кілтсөздер) түймесін басып, 3D, What you need,
active 3D
 (3D, Сізге не қажет, белсенді 3D) деп іздеңіз.
58