Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
18
Бейнелер,
фотосуреттер және
музыка
18.1
USB қосылымынан
Жалғанған USB флэш жадынан немесе USB қатты
дискісінен фотосуреттерді көруге немесе музыка мен
бейнелерді ойнатуға болады.
Теледидар қосулы кезде USB жад құрылғысын немесе USB
қатты дискісін USB қосылымдарының біріне жалғаңыз.
Теледидар құрылғыны анықтап, мультимедиалық
файлдардың тізімін береді.
Егер файлдардың тізімі автоматты түрде көрсетілмесе…
1 -  SOURCES түймесін басып,  USB параметрін
таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
2 - Қажетті USB құрылғысын таңдау үшін  USB Devices
(USB құрылғылары) бөлімін таңдап,  (оң жақ) түймесін
басыңыз.
3 - Дискіде реттелген қалта құрылымындағы файлдарды
шолуға болады.
4 - Бейнелерді, фотосуреттерді және музыканы ойнатуды
тоқтату үшін  EXIT түймесін басыңыз.
Ескерту
 
 
USB қатты жалғанған күйде бағдарламаны кідірту немесе
жазу әрекетін жасасаңыз, Теледидар USB қатты дискісін
пішімдеуді сұрайды. Бұл пішімдеу USB қатты дискісіндегі
бүкіл ағымдағы файлдарды жояды.
18.2
Компьютерден немесе NAS
қоймасынан
Компьютерден немесе үй желісіндегі NAS (Желіге
тіркелген қоймадан) фотосуреттерді көруге немесе
музыканы және бейнелерді ойнатуға болады.
Теледидар және компьютер немесе NAS бірдей үй
желісінде болуы қажет. Компьютерде немесе NAS
қоймасында медиа сервер бағдарламалық құралын
орнату қажет. Медиа сервер файлдарды теледидармен
ортақ пайдалануға реттелуі қажет. Теледидар файлдар
мен қалталарды медиа сервер арқылы жасалғандай
немесе компьютерде не NAS қоймасында
құрастырылғандай көрсетеді. 
Теледидар компьютерден немесе NAS жүйесінен келетін
бейне ағындарындағы субтитрлерді қолдамайды.
Медиа сервер файлдарды іздеуге қолдау көрсетсе, іздеу
өрісі қолжетімді.
Файлдарды компьютерде шолып ойнату…
1 -  SOURCES түймесін басып,  Network (Жел)
параметрін таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
2 - Қажетті құрылғыны таңдау үшін  SimplyShare Devices
(SimplyShare құрылғылары) бөлімін таңдап,  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Файлдарды шолуға және ойнатуға болады.
4 - Бейнелерді, фотосуреттерді және музыканы ойнатуды
тоқтату үшін  EXIT түймесін басыңыз.
18.3
Бұлтқа сақтау қызметінен
Онлайн бұлтқа сақтау қызметіне жүктелген фотосуреттерді
көруге немесе музыка мен бейнелерді ойнатуға болады*.
 Cloud Explorer қолданбасы арқылы Бұлт орналастыру
қызметтерін қосуға болады. Қосу үшін логин мен құпия
сөзді пайдалануға болады.
1 -  HOME түймесін басыңыз.
2 - Төмен жылжып,  Apps (Қолданбалар) >  Cloud
Explorer
 бөлімін таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Қажетті орналастыру қызметін таңдаңыз. 
4 - Қосылып, логин мен құпия сөз арқылы орналастыру
қызметінің жүйесіне кіріңіз.
5 - Ойнатқыңыз келген фотосурет пен бейнені таңдап, OK
түймесін басыңыз.
6 - Бір қадам артқа оралу үшін  (сол жақ) түймесін
басыңыз не мәзірді жабу үшін  BACK түймесін басыңыз. 
* Dropbox™ сияқты сақтау қызметі.
18.4
Бейнелерді ойнату
Бейнелерді ойнату
Мультимедиалық файлдардың тізімін теледидардан ашу
әдісі файлдар сақталған құрылғы түріне байланысты
болады. Жоғарыдағы тарауларды қараңыз.
Бейнені теледидарда ойнату…
 Videos (Бейнелер) бөлімін таңдап, файл атауын
таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
• Бейнені кідірту үшін OK түймесін басыңыз. Жалғастыру
үшін OK түймесін қайта басыңыз.
• Кері айналдыру немесе алға айналдыру
үшін  немесе  пернесін басыңыз. 2x, 4x, 8x, 16x, 32x
есе тездету үшін пернелерді бірнеше рет басыңыз.
• Қалтадағы келесі бейнеге өту үшін кідірту мақсатында 
OK түймесін басып, экрандағы  белгішесін таңдаңыз,
содан соң OK түймесін басыңыз.
• Бейнені ойнатуды тоқтату үшін  (Тоқтату) түймесін
басыңыз.
• Қалтаға кері өту үшін  BACK пернесін басыңыз.
61