Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
19
Смартфондар және
планшеттер
19.1
Теледидарды қашықтан
басқару бағдарламасы
Смартфондағы немесе планшеттегі жаңа Philips TV Remote
App
 қолданбасы — жаңа теле досыңыз.
Теледидарды қашықтан басқару қолданбасы арқылы
айналаңыздағы мультимедиа шеберіне айналасыз. Үлкен
теледидар экранына фотосуреттер, музыка немесе
бейнелер жіберіңіз, не болмаса теледидар арналарының
кез келгенін планшеттен немесе телефоннан көріңіз.
Теледидар нұсқаулығынан көргіңіз келген нәрсені іздеп,
оны телефоннан немесе теледидардан көріңіз.
Теледидарды қашықтан басқару қолданбасы арқылы
телефонды қашықтан басқару құралы етіп пайдалануға
болады.
Таңдаулы қолданбалар дүкенінен бүгін Philips
теледидарды қашықтан басқару қолданбасын сатып
алыңыз.
Philips теледидарды қашықтан басқару қолданбасы iOS
және Android жүйелері үшін қолжетімді және тегін
беріледі.
Wi-Fi Smart экраны
 
 
Цифрлық теледидар арналарды смартфонда немесе
планшетте Philips теледидарды қашықтан басқару
қолданбасы арқылы қарау үшін Wi-Fi Smart Screen (Wi-Fi
Smart экраны) функциясын қосу қажет. Қосымша ақпарат
алу үшін Help (Анықтама) бөлімінде түрлі түсті 
 Keywords (Кілтсөздер) түймесін басып, Wi-Fi Smart Screen
(Wi-Fi Smart экраны) деп іздеңіз.
19.2
Google Cast
Сізге не қажет
Егер мобильді құрылғыдағы қолданбада Google Cast
қызметі болса, қолданбаны осы теледидарға беруге
болады. Мобильді қолданбадан Google Cast белгішесін
іздеңіз. Теледидардағы элементтерді бақылау үшін
мобильді құрылғыны пайдалануға болады. Google Cast
қызметі Android және iOS жүйесінде жұмыс істейді.
Мобильді құрылғы теледидармен бір Wi-Fi негізгі желісіне
қосылуы қажет.
Google Cast қызметі бар қолданбалар
 
 
Жаңа Google Cast қолданбалары күн сайын
қолжетімді. Оны дәл қазір YouTube, Chrome, Netflix,
Photowall … немесе Chromecast жүйесіне арналған Big Web
Quiz қызметімен пайдаланып көруге болады. Сондай-ақ,
google.com/cast веб-сайтын қараңыз
Кейбір Google Play өнімдері және мүмкіндіктері барлық
елдерде қолжетімді емес.
Қосымша ақпаратты support.google.com/androidtv веб-
сайтынан алыңыз
Теледидарға беру
Қолданбаны теледидар экранына беру…
1 - Смартфонда немесе планшетте Google Cast қызметін
қолдайтын қолданбаны ашыңыз.
2 - Google Cast белгішесін түртіңіз.
3 - Бергіңіз келген теледидарды таңдаңыз.
4 - Смартфонда немесе планшетте ойнату түймесін
басыңыз. Таңдалған элемент теледидарда ойнатылады.
19.3
Miracast
Wi-Fi Miracast туралы
Wi-Fi Miracast™ құралы бар теледидарда мобильді
құрылғыдан фотосуреттерді көруге немесе музыка мен
бейнелерді ойнатуға болады. Мобильді құрылғы мен
теледидар әдетте бір бөлмеде болатын ауқымда болуы
қажет.
Мобильді құрылғысы Miracast функциясына дайын екенін
тексеріңіз.
Теледидарыңыз — Wi-Fi CERTIFIED Miracast™ құрылғысы.
Miracast™ бағдарламасымен смартфон, планшет немесе
компьютер экранын сымсыз жолмен теледидар экранынан
көруге және мазмұндарды бөлісуге болады. Құрылғының
экранындағы бейнелерді (дыбыс пен бейне) ойнатуға,
фотосуреттерді және басқа да мазмұндарды бөлісуге
болады. Құрылғыны үй желісіне қосудың қажеті жоқ.
Теледидар мен құрылғының екеуі де Wi-Fi CERTIFIED
Miracast™ қызметін қолдайтын құрылғы болып, Miracast
функциясы қосылып тұруы керек.
Осы теледидардағы Miracast HDCP протоколына
қосылымды және құрылғы жіберген көшірмеден
қорғалған кеңейтілген мазмұнды көрсете
алмайды. Қолдау көрсетілген ең жоғары бейне
ажыратымдылығы — 2,4 ГГц Wi-Fi үшін 720 немесе 5 ГГц
Wi-Fi үшін 1080.
Wi-Fi CERTIFIED Miracast™ туралы қосымша
ақпаратты 
 веб-сайтынан қараңыз.
Wi-Fi®, Wi-Fi CERTIFIED логотипі, Wi-Fi логотипі — Wi-Fi
Alliance компаниясының тіркелген сауда белгілері. Wi-Fi
CERTIFIED Miracast™
Miracast™ — Wi-Fi Alliance
компаниясының сауда белгілері.
64