Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
әкелетін жағдайлар үшін жауапты емес. 
2.3
Орналастыру бойынша
кеңестер
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
• Ambilight әсерін жақсарту үшін бөлмедегі жарықты
азайтыңыз.
• Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ
орналастырыңыз.
• Теледидарды көрудің ең қолайлы қашықтығы экран
диагоналінің 3 еселік өлшеміне тең. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс. 
2.4
Қуат кабелі
• Қуат кабелін теледидардың артындағы POWER
коннекторына қосыңыз.
• Қуат кабелінің коннекторға мықтап кіргізілгенін
тексеріңіз.
• Розеткадағы қуат ашасына кез келген уақытта қол
жеткізуге болатынын тексеріңіз.
• Қуат кабелін суырғанда әрқашан ашаны тартыңыз,
ешқашан кабельді тартпаңыз. 
Бұл теледидар күту режимінде электр қуатын өте аз
пайдаланғанымен, теледидарды ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз, қуат үнемдеу үшін электр
сымын ажыратып қойыңыз.
Help (Анықтама) туралы қосымша ақпарат алу үшін 
 
Кілтсөздер түрлі түсті түймесін басыңыз, сосын
теледидарды қосу немесе өшіру туралы қосымша ақпарат
алу үшін Қосу деп іздеңіз.
2.5
Антенна кабелі
Антенна ашасын теледидардың артындағы Antenna
ұясына мықтап қосыңыз.
Жеке антеннаңызды қосуға немесе антенна сигналына
антенна тарату жүйесінен қосылуға болады. IEC Coax 75
Ohm RF антенна қосқышын пайдаланыңыз.
Бұл антенна байланысын DVB-T және DVB-C кіріс
сигналдары үшін пайдаланыңыз.
8