LG D320 Manuel Du Propriétaire

Page de 400
88
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын интернеттен жаңарту
Бұл функцияны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.lg.com/
common/index.jsp  сайтына кіріп, елді және тілді таңдаңыз. 
Осы мүмкіндікті пайдаланып, телефонның микробағдарламасын қызмет көрсету 
орталығына бармастан, ыңғайлы түрде интернет арқылы ең соңғы нұсқасына 
жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ микробағдарлама 
нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол жетімді болады.
Ұялы телефонның микробағдарламасын жаңарту кезінде пайдаланушының толық 
назары қажет болатындықтан, жалғастырмас бұрын, әр қадамда пайда болатын 
нұсқаулар мен ескертпелерді тексеріңіз. Жаңарту кезінде USB деректер кабелін алу 
ұялы телефонды қатты зақымдауы мүмкін екенін ескеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ. LG компаниясы бағдарламалық құрал жаңартуларын өз қалауы 
бойынша тек таңдаулы үлгілерге қол жетімді ету құқығын өзінде қалдырады және 
бағдарламалық құралдың ең соңғы нұсқасы телефондардың барлық үлгілері үшін 
қол жетімді болатынына кепілдік бермейді.
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын OTA (сымсыз тасымалдау) 
стандарты арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік телефонның микробағдарламасын OTA арқылы, USB деректер 
кабелімен қосусыз ыңғайлы жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік LG 
құрылғыңыз үшін жаңарақ микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол 
жетімді болады.
Алдымен ұялы телефондағы бағдарламалық құрал нұсқасын тексеру керек: 
Баптаулар > Баптаулар қойындысы > Телефон ақпараты > Ортақ қойындысын 
Жаңарту орталығы > БҚ жаңартпасы.
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту