LG LG-D682 Manuel Du Propriétaire

Page de 403
39
Wi-Fi Direct
Wi-Fi Direct қолданбасы кіру нүктесінсіз Wi-Fi қосылған құрылғылар арасында 
тікелей байланысты қолдайды. Wi-Fi direct қолданбасы батарея қуатын көп 
пайдаланатындықтан, Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланғанда телефонды қуат көзіне 
қосып қою ұсынылады. Wi-Fi және Wi-Fi Directed желісін алдын ала тексеріңіз және 
пайдаланушылар бір желіге қосылғанын тексеріңіз.
SmartShare
SmartShare мүмкіндігін Галерея, Музыка, т.б. қосымшаларда оңай пайдалануға 
болады.
Мазмұнды әр түрлі құрылғылар арқылы пайдалану 
Телефонның мазмұнын әр түрлі құрылғылармен бөлісуге болады. Мазмұнды 
Галерея, Музыка ішінде бөлісу үшін   опциясын түртіңіз.
Ойнату/Жіберу
Play: мазмұнды теледидар, Bluetooth динамигі немесе т.б. арқылы ойнатуға болады.
Beam: мазмұнды Bluetooth және SmartShare Beam функциясы бар құрылғыға 
жіберуге болады.
SmartShare Beam: мазмұнды Wi-Fi Direct арқылы жылдам жіберу.
< Beam >
< Play >