Philips GC 6602/20 SpeedCare белый/голубой Manuel D’Utilisation

Page de 92
37
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетінде тіркеңіз. 
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат парақшасын 
және орамдағы жылдам бастау нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін 
оларды сақтап қойыңыз.
Жалпы сипаттама (Cурет 3)
1  Су ыдысын толтыру шұңғымасы
2  Тасымалдау бекітпесі (тек белгілі бір түрлерде)
3  «Үтік дайын» жарығы
4  Қақ тазалау шамы бар қақ тазалау түймесі
5  Бу шығару түймесі
6  Температураны реттеу дөңгелегі
7  Қондырғысы
8  Бу беру шлангісі
9  Қосу/өшіру қосқышы
10  Қуат сымы
11  Штепсельдік ұш
12  Шлангіні сақтау бөлімі
13  Су ыдысы
14  Зерделі қақ тазалау ыдысы
Температураны орнату 
Қажетті үтіктеу температураны орнату үшін, температура дөңгелегін керек ұстанымға апарыңыз.
Құрылғы орнатылған үтіктеу температурасына байланысты буды автоматты түрде реттейді.
Температура 
параметрі
Автоматты бу 
параметрі
Мата түрі
СИНТЕТИКА - 1
Синтетикалық маталар (мысалы, ацетаттық, 
акрилдық, полиамидтық)
2
Жүн, полиэфирлік және жібек
3
 - ЗЫҒЫР 
таңбасына
Мақта, зығыр
Пайдалануға ұсынылатын су: дистильденген немесе минералсызданған су.
Құрылғы құбыр суын қолданатын етіп жасалған. Егер кермек су аймағында тұрсаңыз, қақ жылдам 
пайда болуы мүмкін. Сондықтан, құрылғының қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін 
дистильденген немесе минералсызданған суды пайдалану ұсынылады.
Иістендірілген суды, киім құрғатқыштан алынған суды, сірке суын, крахмалды, қақ түсіру заттарын, 
үтіктеуді жеңілдететін сұйықтықты, химиялық қақтан тазартылған суды немесе басқа химикаттарды 
пайдаланбаңыз, себебі бұдан су шашырауы, қоңыр дақтар қалуы немесе құрылғы зақымдалуы мүмкін. 
ҚАЗАҚША