Redmond RFP-CB 3910 Manuel D’Utilisation

Page de 28
16
•  Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған 
немесе тасымалдаған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр 
бауын сымынан емес, штепселінен ұстап тұрып, құрғақ 
қолмен шығарыңыз.
•  Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу 
көздерінің жанында тартпаңыз. Электр бауының бұрал-
мағанын және иілмегенін, үшкір заттарға, бұрыштар мен 
жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі 
зақымдалуы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін 
ақауларға, сонымен қатар электр тоғына ұрынуға 
әкеліп соқтыруы мүмкін. Зақымдалған электр кабелі 
сервис-орталықта жедел ауыстыруды талап етеді.
•  Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады: 
құрылғы корпусының ішіне су немесе бөгде заттардың 
түсуі оны қатты зақымдауы мүмкін.
•  Азық салынған табақты жұмсақ және ыстыққа төзбейтін бет-
ке орнатпаңыз. Бұл аспапты жұмыс кезінде тұрақсыз етеді.
•  Жұмыс кезінде аспаптың қозғалатын бөліктерін ұстамаңыз. 
S-тектес пышақты орнатқанда абай болыңыз: ол өте үшкір.
Аспап корпусын суға батыруға немесе оны су ағыны-
на салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! 
Осы бұйымды пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып, 
оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қызме-
тінің мерзімін айтарлықтай ұзартады. 
Сақтану шаралары
•  Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын және 
бұйымды пайдалану ережелерін сақтамаудан туындаған 
зақымдар үшін жауап бермейді.
•  Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, 
қонақ үй нөмірлерінде, тұрмыстық нөмірлерде, дүкендер-
дің тұрмыстық бөлмелерде, офистер мен өнеркәсіптік емес 
пайдаланудың кез келген басқа осындай жағдайларда 
пайдаланыла алады.  Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез 
келген мақсатсыз пайдалану бұйымды тиісті түрде пайда-
лану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл жағдайда өн-
діруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
•  Құрылғыны элект желісіне қосар алдында оның кернеуі аспап-
тың номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның 
техникалық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
•  Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қол-
даныңыз:  параметрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға 
немесе кабельдің жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•  Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана қосыңыз, 
— бұл электр қауіпсіздігінің міндетті талабы. Ұзартқышты 
қолдана отырып, оның жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.