Scarlett SC-219 R Manuel D’Utilisation

Page de 38
IM010 
www.scarlett.ru
   
 
SC-219 
33 
KZ
 
ПАЙДАЛАНУ ЖӚНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ 
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 
 
Аспапты пайдаланған кезде бұзып алмас үшін оны пайдаланар алдында осы нұсқаулықты зейін салып оқып 
шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау аспаптың бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. 
 
Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалану керек. Аспап ӛнеркәсіптік және сауда-саттық мақсатына 
қолдануға арналмаған. 
 
Таразының ұрылып-соғылуына жол бермеңіз. 
 
Таразының үстінде секірмеңіз. 
 
Таразыға артық салмақ түсірмеңіз. 
 
Медициналық қондырымдары (имплантаттары, мысалы, жүрек ырғағы стимуляторлары) бар адамдардың 
таразыны пайдалануына тыйым салынады. Пайдаланған жағдайда қондырымдардың жұмысында іркіліс 
орын алуы мүмкін. 
 
Жүктілік кезінде пайдалануға болмайды. 
 
Назар аударыңыз! Егер аяғыңыз немесе таразының беткі қабаты дымқыл болса, оның үстіне шықпаңыз – 
тайып кетуіңіз мүмкін! 
 
Ас қорыту жолына түсіп кетсе, батареялар ӛмірге қатер тӛндіруі мүмкін. 
 
Батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Батареяны жұтып қойған адам дереу дәрігерге 
кӛрінуге тиіс. 
 
Орауыш материалдың балалардың қолына түсуіне жол бермеңіз (тұншығып қалу қатері бар). 
 
Батареяларды зарядтауға немесе басқа тәсілдермен қалпына келтіруге, оларды бӛлшектеуге, отқа тастауға 
тыйым салынады. 
 
10 жасқа толмаған балалардың майлы тіндерінің пайыздық құрамын және басқа параметрлерін айқындаған 
кезде дәйексіз, дұрыс емес нәтижелер алынуы мүмкін.  
 
Диагностикалық таразыны кез келген жастағы балалардың денесіндегі судың, майлы тіндердің және 
бұлшық ет массасының параметрлерін айқындамастан, әдеттегідей ӛлшену үшін пайдалануға болады. Ең 
кіші ӛлшену параметрлері – 2 кг. 
 
Судың, майлы тіндердің және бұлшық ет массасының параметрлерін айқындаудағы дұрыс емес нәтижелер 
кәсіпқой спортшыларда, ісінуге бейім адамдарда, дене тұрқына қатысты аяғының мӛлшерлері қалыптан тыс 
адамдарда болуы мүмкін.  
 
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан тӛмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 
сағат бӛлме температурасында ұстау керек. 
 
Ӛндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс ӛнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін 
болмашы ӛзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын ӛзінде қалдырады. 
ӚЛШЕНУ 
ЖҰМЫСЫ 
 
Осы таразы биоэлектрлік қарсыласуды (B.I.A.) талдау қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл орайда түрлі 
тіндердің пайыздық құрамын айқындау адам сезбейтін, қауіпсіз әрі зиян келтірмейтін электр тоғының 
кӛмегімен небары бірнеше секундта іске асады. 
 
Ӛлшену кезінде мынаны ескерудің маңызы зор: майлы тіннің пайыздық құрамын тек жалаңаяқ тұрып ӛлшеу 
керек; табанды сәл сулаған дұрыс. Табан мүлде құрғақ болса, бұл қанағаттанарлықсыз нәтиже алынуына 
себеп болуы мүмкін, ӛйткені табанның электрлік ӛткізгіштігі тым тӛмен. 
 
Егер майдың, бұлшық ет тінінің, сүйек массасының және судың пайыздық арақатынасын ӛлшеген кезде, 
барлық құрамдастардың сомасы 100%-дан артық болып шықса, бұл таразының ақаулығы емес. Бұл 
құбылысты физиологиялық тұрғыдан түсіндіруге болады. Диагностикалық таразының жұмысы 
биоимпеданстық талдауға негізделген, ол бұлшық ет пен сүйек тіндерінің ӛздерінің де құрамында болатын 
май мен судың мӛлшерін анықтайды. Сондықтан, алынған нәтижелерді қоспастан, түрлі кӛрсеткіштердің 
ӛзгеру динамикасын әр кӛрсеткіш бойынша бӛлек қарастырған дұрыс. 
ӚЛШЕНУ 
 
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына кӛз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың 
үстіне қоймаңыз. 
 
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған 
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл кӛрсетілуіне әсер етуі мүмкін. 
 
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын 
ӛлшену керек. 
 
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат ӛтпей тұрып салмақты ӛлшемеген 
жӛн. 
 
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз. 
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ 
 
Полярлығын дәл келтіре отырып, таразының астыңғы панеліндегі арнайы ұяшыққа AAA тұрпатты тӛрт 
батареяны салыңыз. Ұяшықты жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын.