Polaris PMC 0347 AD Manuel D’Utilisation

Page de 57
 
52 
 
5. ҚҰРАЛДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ 
 
Тағам  әзірлеп  болғаннан  кейін    әрдайым  мультипісіргішті  тағамның  қалдықтарын  алып,  тастаңыз  да  ластанудан 
тазартыңыз. 
 
Құралдың  сыртқы  және  ішкі  бөліктерін  тазарту  үшін,  сонымен  құралдың  бүлінуіне  әкеп  соғуы  мүмкін  абразивті 
құралдарды, сондай-ақ,  метал сымы бар қылшақтарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. 
 
Егер де тағамның қалдықтары ішкі тостаққа жабысқан болса, оны жуудың алдында сумен толтырыңыз. Ішкі тостақты 
жуып болғаннан кейін оны құрғата сүртіңіз. 
 
Құралдың сыртқы бөлігін суға батырмаңыз.  Құралдың сыртқы корпусын тазарту үшін ыдыс жууға арналған дымқыл, 
жұмсақ ысқышты немесе матаны пайдаланыңыз. 
 
Ішкі  тостақ  пен  буда  пісіру-контейнерін  ыдыс  жуғыш  машинасында  жууға  рұқсат  етіледі.  Ыдыс  жуғыш  машинаны 
пайдалану  барысында  тостақтың  машинаның  құрамдас  бөліктеріне  зақымдалмауын  қадағалаңыз.  Алюминий 
жабындысынан  жасалған  тостақтың  бүлінуін  алдын  алу  үшін  ыдыс  жуғыш  құралына  берілген  нұсқаулықты, 
қолданылатын тазарту құралдарының сипаттамасын басшылыққа алыңыз
.
 
 
 
Бу шығаратын клапаны  да алынбалы құрылымға ие, оның бітелуін болдырмау үшін тұрақты түрде сумен тазарту қажет. 
 
Әрбір  әзірлеу  үдерісінен  кейін  құралдың  артқы  жағында  орналасқан  конденсатты  қабылдау  құралын  шешіп,  босату 
қажет. Оны жуып, сүртіп құрғатыңыз да, орнына орнатыңыз. 
 
Тағамды  араластыру  үшін  тек  қана  ағаш  қасықты    немесе    құралмен 
жинақта болатын арнайы  пластмасса қасықты пайдаланыңыз. 
 
Тостаққа сірке қышқылын құймаңыз, бұл тостақтың бүлінуіне әкеп соғуы 
мүмкін. 
 
Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, бұл су мен тазарту 
құралдарына тікелей байланысты. Бұл қалыпты нәрсе болып табылады, 
мультипісіргішті еш қауіпсіз одан әрі пайдалануға болады. 
 
Құралды тазарту үшін абразивті құралдарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. 
 
 
6. 
ҚҰРАЛДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
 
 
Кәуап жасайтын құрылғыны тік қалпында, ылғалдығы 80% аспайтын құрғақ бөлмежайда сақтау қажет.  
 
Құралды тасымалдау үшін түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз. 
 
 
Өрттің  пайда  болуын  алдын-алу,  электр  тогымен  зақымданбау,  құралды  пайдалану  барысында  жарақаттан  сақтанып,  оны  бүлдірмеу  үшін 
мультипісіргішті қолдану барысында қауіпсіздіктің негізгі шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік бойынша 
жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз.