Philips BTM2460/12 Manuel D’Utilisation

Page de 26
7
KK
3  Жұмысты 
бастау
Ескерту
 
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін, 
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет 
көрсету процедураларын орындау зиянды сәуленің 
шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті 
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, 
сізден осы құрылғының үлгі және сериялық 
нөмірі сұралады. Модель нөмірі және 
сериялық нөмір құрылғының артқы жағында 
орналасқан. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз: 
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір ________________________
FM антеннасын жалғау
•  Радио тыңдау алдында жинақтағы 
антеннаны осы құрылғыға жалғаңыз.
 
Қуатты қосу
Ескерту
 
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі негізгі 
құрылғының артқы жағында басылған кернеуге 
сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
 
Ток соғу қаупі бар! Айнымалы ток қуат адаптерін 
қоспастан бұрын адаптер ашасының түрлендіргішінің 
бекітілгенін тексеріңіз. Айнымалы ток қуат адаптерін 
ажыратқанда, сымнан емес, әрқашан ашадан ұстап 
розеткадан суырыңыз.
 
Айнымалы ток қуат адаптерін қоспастан бұрын 
барлық басқа қосылымдарды аяқтағаныңызды 
тексеріңіз.
 
Қашықтан басқару құралын 
дайындау
Ескерту
 
Өнімді бұзып алу қаупі! Қашықтан басқару құралы 
ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жағдайда батареяны 
алып тастаңыз.
Қашықтан басқару құралының батареясын 
салу үшін:
Батарея бөлімін ашыңыз.
Жинақта берілген AAA батареясын 
көрсетілгендей полярлықтарын (+/-) 
дұрыс қаратып салыңыз.