LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
 
 
8
бірдей болу керек.
• 
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр 
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
• 
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу 
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
• 
Түсіріп алмаңыз.
• 
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• 
Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде 
телефонды сөндіріңіз. Мысалы, телефонды емханаларда 
пайдаланбаңыз, өйткені ол медициналық жабдықтарға 
әсер етуі мүмкін.
• 
Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға 
болмайды. Бұл ток соғуына себеп болып, телефонды қатты 
зақымдауы мүмкін.
• 
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, 
өйткені гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• 
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, 
еріткіш немесе спирт қолданбаңыз).
• 
Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
• 
Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
• 
Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға 
шығармаңыз.
• 
Телефонды кредит картасы немесе көлік билеттері 
жанында ұстамаңыз, ол магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер 
етуі мүмкін.
• 
Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, өйткені бұл 
телефонды зақымдауы мүмкін.
• 
Телефонға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғалды 
жерге қоймаңыз.
• 
Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап пайдаланыңыз. Қажет болмаса, 
антеннаға тимеңіз.
• 
Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті 
пайдаланбаңыз, ұстамаңыз және алуға немесе жөндеуге 
әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде қолданбағаннан болған 
әйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.
• 
Телефон – қалыпты жағдайда ыстық бөлетін электрондық 
құрылғы болып табылады. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті 
желдеткіштің жоқтығынан терімен тікелей байланыста болу 
ыңғайсыздықты немесе болмашы күйікті тудыруы мүмкін. 
Сондықтан, телефонды пайдалану барысында немесе 
әрекеттен кейін сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.
• 
Телефоныңыз ылғалданып қалса, дереу ажыратып, 
толығымен құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш, 
микротолқынды пеш немесе шаш кептіргіш сияқты сыртқы 
жылыту көзін пайдаланбаңыз. 
• 
Ылғал телефон ішіндегі сұйықтық телефон ішіндегі өнім 
белгісінің түсін өзгертеді. Сұйықтық әсерінен болған 
құрылғының зақымдануы кепілдікке кірмейді.
Телефонды тиімді түрде пайдалану
Электрондық құрылғылар
Барлық ұялы телефондардың жұмысына әсер ететін 
кедергілер болуы мүмкін.
• 
Телефонды рұқсатсыз медициналық жабдықтардың 
жанында пайдаланбаңыз. Телефонды 
кардиостимулятордың жанына, мысалы, төс қалтада 
орналастырмаңыз.
• 
Ұялы телефондар кейбір есту құралдарына кедергі 
жасайды.
• 
Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио құралдарына, 
компьютерлерге, т.б. әсер етуі мүмкін.
• 
Мүмкін болса, телефонды 0 ºC және 35 ºC аралығындағы 
температурада пайдаланыңыз. Телефонға аса төмен 
немесе жоғары температуралардың әсер етуі нәтижесінде 
зақым келуі, жұмыс бұзылуы немесе тіпті жарылыс орын 
алуы мүмкін.