LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Негізгілер
Негізгілер
30
Кіргеннен кейін, телефон Gmail, Contacts, Google Calendar 
сияқты Google қызметтерімен қадамдастырылады. Сондай-
ақ, телефонда Maps қосымшасын пайдалануға, Play Store 
торабынан қосымшалар жүктеп алуға, параметрлерді Google 
серверлеріне сақтық көшірмелер жасауға және басқа Google 
қызметтерінің артықшылықтарын пайдалануға болады.
Құрылғыны құлыптау және 
құлпын ашу
Қуат/Құлып түймесін басу экранды өшіріп, құрылғыны 
құлыптау режиміне қояды. Құрылғы көрсетілген мерзімде 
пайдаланылмаса, ол автоматты түрде құлыпталады. Бұл 
пернелердің кездейсоқ басылып кетуінен сақтайды және 
батарея қуатын үнемдейді. 
Құрылғыны босату үшін, Қуат/Құлып түймесін басып, экранды 
кез келген бағытта сипаңыз.
KnockON
KnockON функциясы экранды оңай қосу немесе өшіру үшін 
оны екі рет түртуге мүмкіндік береді.
Экранды қосу
1  
Экранды қосу үшін Экранды құлыптау мәзірінің ортасын екі 
рет түртіңіз.
2  
Экранды босатыңыз немесе қолжетімді төте жолдарға не 
виджеттерге қатынасыңыз.
Экранды өшіру
1  
Күй жолағын немесе негізгі экрандағы бос аймақты екі рет 
түртіңіз.
2  
Экран өшеді.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Экранның орталық аймағын түртіңіз. Төменгі немесе үстіңгі аймақ 
түртілсе, анықтау жылдамдығы төмендеуі мүмкін.
Knock Code
Шифрлау коды мүмкіндігі экранда түртулер комбинациясын 
пайдаланып өзіңіздің құлып ашу кодыңызды жасауға мүмкіндік 
береді. Экран өшкен кезде экрандағы бірдей ретті түрту 
арқылы негізгі экранға тікелей кіруге болады.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Қате Knock Code кодын 5 рет енгізсеңіз, ол Google есептік 
жазбасына кіру/сақтық PIN коды бетін күштеп ашады.
• 
Экранды қосуға немесе өшіруге түрту үшін тырнақ орнына саусақ 
ұшын пайдаланыңыз.
Knock Code мүмкіндігін орнату
1  
 >   >   > 
Дисплей қойындысы > Экранды құлыптау 
Экран құлпын таңдау > Knock Code тармағын түртіңіз.
2  
Knock Code үлгісін орнату үшін шаршыларды графикалық 
үлгі түрінде түртіңіз. Knock Code үлгісі 3-8 рет түрту үлгісінен 
тұруы мүмкін.
Knock Code кодын пайдаланып экранды босату
Экран өшіп тұрғанда орнатылған Knock Code графикалық 
үлгісін түрту арқылы экран құлпын ашуға болады.