LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Негізгілер
33
32
Экранды құлыптау әдісін өзгерту
Басқалардың жеке ақпаратты ашпауы үшін экранды құлыптау 
жолын өзгертуге болады.
1  
 >   >   > 
Дисплей қойындысы > Экранды құлыптау 
Экран құлпын таңдау тармағын таңдаңыз. 
2  
Ешбір, жанап өту, шифрлау коды, үлгі, PIN немесе құпия сөз 
опциялары ішінен қажетті экран құлпын таңдаңыз.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Құлыпты ашу өрнегін орнатар алдында Google тіркелгісін жасап, 
құлыптау өрнегін жасау кезінде жасалған Сақтық PIN кодын есте 
сақтап алыңыз.
Смарт құлып
Телефонды оңай босату үшін Смарт құлып опциясын 
пайдалануға болады. Сенімді Bluetooth құрылғысы қосылған 
кезде, үй немесе жұмыс сияқты таныс орында болған кезде 
немесе бетті анықтаған кезде телефонды құлыпталмаған 
күйде сақтау үшін орнатуға болады.
Смарт құлыпты орнату мүмкіндігі
1  
 >   >   > 
Дисплей қойындысы > Экранды құлыптау 
Смарт құлып тармағын таңдаңыз.
2  
Сенімді құрылғыларды, сенімді орындарды немесе сенімді 
бетті қосу алдында экран құлпын орнату керек (шифрлау 
коды, үлгі, PIN коды немесе құпия сөз).
Негізгі экран
Негізгі экран — көптеген қосымшалар мен функциялардың 
бастапқы нүктесі. Ол ақпарат пен қосымшаларға жылдам 
қатынасты қамтамасыз ету үшін қосымша белгішелері, төте 
жолдар, қалталар немесе виджеттер сияқты элементтерді 
қосуға мүмкіндік береді. Бұл — әдепкі кенеп және кез келген 
мәзірден   түймесін түртіп өтуге болады.
Негізгі экранмен танысу
Күй жолағы
Қосымша белгішелері
Виджет
Орналасу жері индикаторы
Жылдам түймелер аймағы
Негізгі экранның сенсорлы түймелері
1
6.
2
3
4
5.
1
Күй жолағы: телефонның күйі туралы ақпаратты, 
оның ішінде уақытты, сигнал күшін, батарея күйін және 
хабарландыру белгішелерін көрсетеді.
2
Виджеттер: Виджеттер — Қосымшалар тартпасы немесе 
басты экран арқылы қол жеткізуге болатын автономдық 
қосымшалар. Төте жолдан ерекшелігі — виджет экрандық 
қосымша ретінде жұмыс істей алады.
3
Қосымша белгішелері: оны ашып, пайдалану үшін, 
белгішені (қосымша, қалта, т.б.) түртіңіз.
4
Орын индикаторы: ағымда көріп отырған бастапқы экран 
кенебін көрсетеді.