LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Негізгілер
Негізгілер
36
Негізгі экраннан бір элементті жою
Негізгі экранда болған кезде жойылатын белгішені ұстап тұрып 
> оны   орнына апарыңыз.
Жылдам түймелер аймағына қосымша қосу
Қосымшалар экранынан немесе негізгі экранда қосымша 
белгішесін басып тұрып, оны жылдам түймелер аймағына 
алып барыңыз. Одан кейін оны қажетті орында босатыңыз.
Қосымшаны жылдам түймелер аймағынан жою
Қажетті жылдам түймені басып тұрып, оны   аймағына алып 
барыңыз.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Қосымшалар түймесін   жою мүмкін емес.
Негізгі экранда қосымша белгішелерін реттеу
1  
Қосымша белгішесі ағымдағы орнынан босағанша басып 
тұрыңыз, одан кейін босатыңыз. Өңдеу белгішесі   
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында пайда болады.
2  
Қосымша белгішесін қайтадан басып, қажетті белгішенің 
дизайны мен өлшемін таңдаңыз. 
3  
Өзгерісті сақтау үшін 
OK түймесін түртіңіз.
Хабарландырулар тақтасы
Ескертулер жаңа хабарлардың келуі, күнтізбе оқиғалары 
және дабылдар, сонымен бірге бейнелерді жүктеп алу сияқты 
ағымдағы оқиғалар туралы ескертеді.
Хабарландырулар тақтасын ашу
Хабарландырулар тақтасын ашу үшін күй жолағында төмен 
жанап өтіңіз. Ескертулер тақтасын жабу үшін экранның үстіңгі 
жағына жанап өтіңіз немесе   таңдаңыз.
 
1
2
3
Жылдам 
параметрлер 
аймағы
Хабарландырулар
Өшіру
1
Жылдам ауыстыру түймесін қосу/өшіру үшін басыңыз. 
Тікелей функцияның параметрлер мәзіріне өту үшін қажетті 
түймені басып тұрыңыз. Басқа ауыстыру түймелерін 
көру үшін солға не оңға қарай сипаңыз. Жылдам орнату 
түймелерін жою, қосу немесе қайта реттеу үшін   
опциясын түртіңіз.
2
Ағымдағы ескертулердің әрқайсысы қысқаша сипаттамамен 
тізімде берілген. Хабарландыруды көру үшін оны түртіңіз. 
3
Барлық хабарландыруды өшіру үшін түртіңіз.
Хабарландыру келгенде, оның белгішесі экранның жоғарғы 
жағында пайда болады. Күтудегі ескертулердің белгішелері 
сол жағында пайда болады және Wi-Fi және батарея заряды 
сияқты нәрселерді көрсететін жүйелік белгішелер оң жағына 
шығады.
Күй жолағындағы индикатор белгішелер
Экранның жоғарғы жағындағы күй жолағындағы индикатор 
белгішелер қабылданбаған қоңыраулар, жаңа хабарлар, 
күнтізбе оқиғалары, құрылғының күйі және т.б. туралы есеп 
береді.