LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Негізгілер
Негізгілер
40
Пернетақта пайдалану және мәтін енгізу
Белгіше Сипаттамасы
Енгізілетін келесі әріпті бас әріпке өзгерту үшін, бір 
рет түртіңіз. Барлық әріптерді үлкейту үшін екі рет 
түртіңіз.
Пернетақта параметрлеріне өту үшін таңдаңыз. 
Мәтінді енгізу әдісін өзгерту үшін түртіп, ұстап 
тұрыңыз.
Бос орын енгізу үшін түртіңіз.
Жаңа жол жасау үшін түртіңіз.
Алдыңғы таңбаны жою үшін түртіңіз.
Арнайы таңбалар енгізу
Экрандық пернетақта арнайы таңбаларды енгізуге мүмкіндік 
береді.
Мысалы, «á» әрпін енгізу үшін «a» түймесін қалқымалы терезе 
пайда болып, қатысты арнайы таңбаларды көрсеткенше 
түртіп тұрыңыз. Саусақты көтерместен қажет арнайы таңбаға 
сүйреңіз. Ол бөлектелгеннен кейін саусағыңызды көтеріңіз.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Перненің жоғарғы оң жағындағы таңба қосымша таңбалардың сол 
пернеге қолжетімді екенін білдіреді.
Пернетақтаны бөлу немесе біріктіру
Ландшафт пернетақтасында екі саусақты көлденеңінен 
сырғытумен пернетақтаны екіге бөлуге болады. Бұл бас 
бармақтармен теру әрекетін жеңілдетеді. Осы мүмкіндікті 
пайдалану үшін Пернетақтаны бөлу параметрі қосылғанын 
тексеріңіз.
• 
 >   >   > 
Жалпы қойындысы > Тіл және пернетақта 
LG пернетақтасы   > Пернетақтаның биіктігі мен 
орналасуы > Пернетақтаны бөлу тармағын түртіңіз.
Дербес компьютер және құрылғы 
арасында деректер тасымалдау
Дербес компьютер және құрылғы арасында деректердің 
көшірмесін жасауға немесе жылжытуға болады. 
USB қосылымы арқылы деректерді 
тасымалдау
1  
Құрылғыны компьютерге телефонмен берілген USB 
кабелімен қосыңыз.
2  
Ескертулер тақтасын ашып, ағымдағы байланыс түрін 
таңдап, 
Мультимедиа құрылғысы (MTP) опциясын 
таңдаңыз.
3  
Компьютерде қажетті деректерді тасымалдауға мүмкіндік 
беретін терезе шығады.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Телефонды анықтау үшін компьютерде LG Android Platform Driver 
орнатылуы керек.
• 
Мультимедиа құрылғысын (MTP) пайдалану талаптарын 
тексеріңіз.