LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Қосымшалар
59
58
Бейнені түсіргеннен кейін
Соңғы түсірілген бейнені көру үшін экрандағы бейне нобайын 
түртіңіз.
Дереу басқа бейне түсіру үшін түртіңіз.
Қолжетімді ортақтасу опцияларын ашу үшін түртіңіз 
(Хабар алмасу немесе Bluetooth).
Бейнені жою үшін түртіңіз.
Қосымша опцияларға қатынасу үшін түртіңіз.
Бейнені таңдаулыларға қосу үшін түртіңіз
Галерея
Галерея қосымшасы сақтау орнындағы суреттер мен 
бейнелерді, оның ішінде Камера қосымшасымен 
түсірілгендерді және интернет немесе басқа орындардан 
жүктеп алынғандарды көрсетеді. 
1  
 >   >   опциясын түртіңіз.
2  
Альбомды ашу және оның құрамын көру үшін оны түртіңіз. 
(Альбомдағы суреттер мен бейнелер хронологиялық ретпен 
көрсетіледі.)
3  
Альбомдағы суретті түртіп көріңіз.
 ЕСКЕРТПЕ  
• 
Орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл 
пішімдеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
• 
Кодтауына байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы 
мүмкін.
Суреттерді көру
Галерея қалталардағы суреттерді көрсетеді. Электрондық 
пошта сияқты қосымша суретті сақтағанда, суретті қамтитын 
жүктеп алу қалтасы автоматты түрде жасалады. Осы сияқты, 
скриншотты автоматты түрде түсіру Screenshots (Скриншоттар) 
қалтасын жасайды. 
Суреттер жасалған күні бойынша көрсетіледі. Толық экранда 
көру үшін суретті таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы суретті 
көру үшін солға немесе оңға жылжыңыз.
Фотосуреттерді өзгерту
Фотосуретті көру кезінде   опциясын түртіңіз.
Тұсқағаз орнату
Фотосуретті көру кезінде суретті тұсқағаз етіп орнату немесе 
контактіге тағайындау үшін   > 
Суретті басқаша сақтау 
опциясын таңдаңыз.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл 
пішімдеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
• 
Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда 
қате орын алуы мүмкін.
Ұлғайту және кішірейту
Суретте ұлғайту үшін келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
• 
Ұлғайту үшін кез келген жерде екі рет түртіңіз.
• 
Ұлғайту үшін суреттің кез келген орнында екі саусақты 
жазыңыз. Масштабты кішірейту үшін шымшыңыз немесе 
орнына келтіру үшін екі рет түртіңіз.
Бейнені ойнату
1  
 >   >   опциясын түртіңіз. 
2  
Қаралатын бейнені таңдаңыз.