LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Қосымшалар
69
68
FM-радио
Телефонда ішкі FM радиосы бар, осылайша таңдаулы 
станцияларыңызды реттеп, жолда тыңдауға болады. 
• 
 >   >   опциясын түртіңіз.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Антенна ретінде пайдалану үшін құлақаспаптарды тығу қажет.
LG Backup
Құрылғы деректерін сақтық көшіру және 
қалпына келтіру туралы ақпарат
Кез келген бағдарламалық құралды жаңартпастан бұрын 
сақтық көшірме файлын үнемі жасап, ішкі жад құралына сақтау 
отыруға кеңес беріледі. Ағымдағы сақтық көшірме файлын 
жад картасына сақтау кездейсоқ құрылғыңызды кездейсоқ 
жоғалтып, ұрлатып немесе бұзып алсаңыз, құрылғы деректерін 
қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Бұл LG Backup қосымшасына LG смартфондары мен 
планшеттерінде, басқа бағдарламалық құралда немесе 
операциялық жүйе нұсқаларында қолдау көрсетіледі. 
Нәтижесінде, жаңа LG смартфондарын және планшеттерін 
сатып алу кезінде ағымдағы құрылғы деректерін жаңа 
құрылғыға сақтық көшіруге болады.
Егер смартфондарға және планшеттерге алдын ала жүктелген 
LG Backup қосымшасы болса, көптеген деректерді сақтық 
көшіруге және қалпына келтіруге болады, оның ішінде 
жүктеп алынған және алдын ала орнатылған қосымшалар, 
бетбелгілер, күнтізбе жазбалары, контактілер, негізгі экран 
параметрлері және жүйе параметрлері.
 
ЕСКЕРТУ
• 
Батарея зарядының жеткіліксіздігінен сақтық көшірме жасау немесе 
қалпына келтіру әрекеті барысында кездейсоқ өшіп қалудан қорғау 
үшін әрдайым батареяны толық зарядтап отыру керек.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Құрылғыға сақталатын барлық файлдар сақтық көшірме файлын 
қалпына келтірілмес бұрын жойылады. Сақтық көшірме файлын 
басқа орынға көшіріңіз.
• 
Құрылғы деректері сақтық көшірме мазмұнымен ауыстырылатынын 
ескеріңіз.
Құрылғы деректерін сақтық көшіру 
1  
 >   >   опциясын түртіңіз.
2  
Қажетті опцияларды таңдаңыз.
• 
Деректерді жаңа құрылғыға көшіру: ескі құрылғы 
деректерін жаңа құрылғыға көшіру.
• 
Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
деректерді сақтық көшіру немесе сақтық көшірмеден 
қалпына келтіру.
Google қосымшалары
Google қызметі көңіл көтеру, әлеуметтік желі және бизнес 
қосымшаларын қамтамасыз етеді. Кейбір қосымшаларға кіру 
үшін Google тіркелгісі сұралуы мүмкін.
Көбірек қосымша ақпаратын көру үшін әрбір қосымшаның 
анықтама мәзіріне кіріңіз.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Кейбір қосымшалар аймаққа немесе қызмет провайдеріне 
байланысты қолжетімді болмауы мүмкін.
Google
Элементтерді Интернетте құрылғыда жылдам іздеу.