LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Баптаулар
Баптаулар
80
2  
SSID параметрін, қауіпсіздік түрін, құпия сөзді және басқа 
кіру нүктесі опцияларын өзгерту үшін «Wi-Fi ену нүктесін 
орнату» түймесін түртіңіз.
Bluetooth модемі
Bluetooth мүмкіндігі арқылы басқа құрылғыларға қосуға 
мүмкіндік береді.
• 
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Модем 
ретінде пайдалану тармағын түртіңіз.
• 
Қосылымды Bluetooth байланыстыру мүмкіндігі арқылы 
ортақ пайдалану мақсатында Bluetooth байланыстыру 
мүмкіндігін қосу үшін 
 белгішесін түртіңіз.
Ұшақ режимі
Қоңыраулар шалуға немесе қабылдауға не болмаса 
деректерді пайдалануға тыйым салынған аумақта болғанда 
ойындар және музыка сияқты телефон функцияларының 
көпшілігін пайдалануға мүмкіндік береді. Ұшақ режиміне 
орнатқанда қоңырауларды жіберу немесе қабылдау, не 
болмаса онлайн деректерге қол жеткізу мүмкін болмайды.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша > 
Ұшақ режимі тармағын түртіңіз.
Ұялы байланыс желілері
Бұл мәзір 
Мобильді деректерДеректер роумингі, т.с.с 
әртүрлі мобильді желі параметрлерін конфигурациялауға 
мүмкіндік береді.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша > 
Мобильді желілер тармағын түртіңіз.
VPN
Телефоннан корпоративтік желі сияқты қауіпсіз жергілікті желі 
ішіндегі ресурстарға қосылуға және оларды ашуға мүмкіндік 
беретін виртуалды жеке желілерді (VPN) қосуға, орнатуға және 
басқаруға болады. 
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қосымша > 
VPN тармағын түртіңіз.
Дыбыс және ескерту 
параметрлері
Құрылғыдағы әртүрлі дыбыстар үшін параметрлерді өзгертуге 
мүмкіндік береді. 
Баптаулар экранында Дыбыс және ескерту қойындысын 
түртіңіз.
• 
Дыбыс пішіні: телефонның дыбыс пішінін орнатуға 
мүмкіндік береді.
• 
Дыбыс деңгейі: қажеттіліктеріңізге және ортаңызға сай 
келуі үшін телефонның дыбыс деңгейі параметрлерін 
реттеңіз.
• 
Қоңырау үні: қоңыраулар үшін қоңырау үндерін орнатуға 
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қоңырау үндерін қосуға 
және жоюға болады.
• 
Қоңырау үні идентификаторы: кіріс қоңырауының 
телефон нөміріне негізделіп қоңырау үндерін жасауға 
мүмкіндік береді.
• 
Дірілі бар дыбыс: қоңырау соғылғанда қоңырау үнімен 
бірге телефонның дірілдеуі үшін қосыңыз.
• 
Діріл түрі: діріл түрін таңдауға мүмкіндік береді.
• 
Кедергілер: хабарландырулардың әрекетті кедергілердің 
алдын алу кестесін орнатуға мүмкіндік береді. «Тек басым» 
опциясы орнатылғанда белгілі бір мүмкіндіктердің әрекетті 
үзуге рұқсат етуді орната аласыз.
• 
Экранды құлыптау: құлыптау экранында 
хабарландыруларды көрсету немесе жасыру керектігін 
таңдауға мүмкіндік береді.