LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Баптаулар
85
84
• 
Құлыптау таймері: экранның күту уақыты аяқталғаннан 
экранның автоматты түрде құлыпталуына дейін қалған 
уақыт мөлшерін орнатуға мүмкіндік береді.
• 
Қуат түймесі дереу құлыптайды: Қуат/құлып пернесі 
басылғанда экранды бірден құлыптау үшін белгілеңіз. Бұл 
параметр құлыптау таймерінің параметрін болдырмайды.
Негізгі экранның сенсорлы түймелері
Барлық экрандардың төменгі жағында көрсетілетін негізгі 
экранның сенсорлы түймелерін орнатыңыз. Қай түймелер 
көрсетілетінін, жолақтағы орнын және қалай көрінетінін 
орнатыңыз.
Баптаулар экранында Дисплей қойындысы > Негізгі 
сенсорлы түймешіктер тармағын түртіңіз.
Қосымша дисплей параметрлері
Басқа дисплей параметрлерін орнатуға мүмкіндік береді. 
Баптаулар экранында Дисплей қойындысы тармағын түртіңіз.
• 
Қаріп түрі: қажетті қаріп түрін таңдаңыз.
• 
Қаріп өлшемі: қажетті қаріп өлшемін таңдаңыз.
• 
Ашықтық: сырғытпа көмегімен экран жарықтығын реттеңіз.
• 
Экранды авто айналдыру: телефонды айналдырғанда 
бағдарды автоматты түрде ауыстыру үшін орнатыңыз.
• 
Экран жарығының өшу уақыты: экран автоматты түрде 
өшірілместен бұрынғы уақыт кідірісін орнатыңыз.
• 
Daydream функциясы: телефон блокта тұрғанда және/
немесе зарядталып жатқанда ұйқы режиміндегі кезін 
көрсету үшін экран сақтағышты таңдаңыз.
• 
Қозғалыс сенсорын мөлшерлеу: сенсордың еңкейту 
және жылдамдық дәлдігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Жалпы параметрлер
Тіл және енгізу
Мәтін енгізу параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Телефондағы мәтін және экрандағы пернетақтаны реттеу оған 
қоса сөздігіне қосылған сөздер үшін тілді таңдаңыз.
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Тіл және 
пернетақта тармағын түртіңіз.
• 
Тіл: телефонда пайдаланылатын тілді таңдаңыз.
• 
Әдепкі: әдепкі пернетақта түрін таңдауға мүмкіндік береді.
• 
LG пернетақта: LG пернетақтасының баптауларын 
өзгертіңіз.
• 
Google дауыспен теру: деректер енгізу мақсатында 
Google дауыспен теру мүмкіндігін таңдау үшін 
қосыңыз. Google дауыстық параметрлерін өзгерту үшін 
«Параметрлер» белгішесін түртіңіз.
• 
Дауыспен іздеу: Дауыспен іздеу параметрлерін реттеу 
үшін түртіңіз.
• 
Мәтінді сөзге түрлендіру нәтижесі: мәтінді сөзге 
түрлендіру нәтижесінің таңдаулы механизмін немесе 
жалпы параметрлерін орнату үшін түртіңіз.
• 
Меңзердің жылдамдығы: меңзер жылдамдығын реттеңіз.
• 
Кері өзгерту түймелері: оң жақтағы негізгі түймені 
пайдалану үшін тінтуір түймелерін кері өзгертіңіз.
Орын
Орын қызметін қосыңыз, телефоныңыз Wi-Fi және мобильді 
желілерді қолданып орынды жобалап анықтайды. Бұл опцияны 
таңдағанда, сізден Google компаниясының осы қызметтерді 
көрсеткенде орныңызды пайдалануына келісесіз бе, сол 
сұралады.
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Орын тармағын 
түртіңіз.