Zanussi ZDF92600XA Manuale Utente

Pagina di 64
Ақаулық
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Ыдыс-аяқ кеппеген.
• Тамаша кептіру нәтижесіне қол жеткізу үшін XtraDry
опциясын қосыңыз.
• Бұл бағдарламаның кептіру режимі жоқ немесе кептіру
режимінің температурасы төмен.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы
мүмкін.
• Бұл жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты
болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш
зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен жуғыш
таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
• Ыдыстарды алмай тұрып ыдыс жуғыш машинаның
есігін біраз уақыт ашып қойыңыз.
Құрылғының ішкі жағы
дымқыл.
• Бұл құрылғының ақауы емес, бұл қабырғаларда
конденсат пайда болуға әкелген ауаның
ылғалдылығына байланысты.
Жуған кезде әдеттегіден тыс
көпіршік пайда болады.
• Ыдыс жуғыш машиналарға арналған жуу затты ғана
пайдаланыңыз.
• Шайғыш зат диспенсерінен су ағады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ас құралдарын тот басқан.
• Жуу үшін пайдаланған судың құрамында өте көп тұз
бар. "Су жұмсартқыш" тарауын қараңыз.
• Күміс және болаттан жасалған ас үй құралдары бірге
салынған. Күміс және болаттан жасалған ас үй
құралдарын бірге салмаңыз.
Бағдарлама соңында жуғыш
зат үлестіргіште жуғыш
заттың қалдықтары қалады.
• Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш таблетка кептеліп
қалған, сондықтан оны су толығымен шайып кетіре
алмаған.
• Су жуғыш зат үлестіргіштен жуғыш таблетканы шайып
кетіре алмайды. Бүріккіш түтіктің бітеліп немесе
кептеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Себеттердегі заттардың жуғыш зат үлестіргіштің
қақпағын ашуға кедергі жасамай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының ішінде иіс бар.
• "Құрылғы ішін тазалау" тарауын қараңыз.
Ыдыстарға, науаға және
есіктің ішіне әк қалдықтары
тұрып қалған.
• Тұздың деңгейі төмен, қайта толтыру индикаторын
тексеріңіз.
• Тұз сауытының қақпағы бос тұр.
• Шүмектен кермек су ағады. "Су жұмсартқыш"
тарауын қараңыз.
• Аралас таблеткаларды пайдалансаңыз да, тұзды
пайдаланып, су жұмсартқыш регенерациясын
орнатыңыз. "Су жұмсартқыш" тарауын қараңыз.
• Әк шөгіндісі әлі де қалса, құрылғыны құрылғы
тазалауға арналған тазалағыш құралмен тазалаңыз.
• Басқа жуғыш затты қолданыңыз.
• Жуғыш зат өндірушіге хабарласыңыз.
19