Zanussi ZEV6140NBA Manuale Utente

Pagina di 48
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және
электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Ең алғаш пайдалану алдында барлық
орам материалын, жапсырмасын және
қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу
тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу
қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
• Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық
әйнек бетіне қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке
сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Күту менен тазалау
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны
электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
www.zanussi.com
15