Philips AS111/12 ユーザーズマニュアル

ページ / 25
2
KK
1  Маңызды 
ақпарат
•  Осы нұсқауларды оқыңыз.
•  Барлық ескертулерді ескеріңіз.
•  Барлық нұсқауларды орындаңыз.
•  Желдету саңылауларын бітемеңіз. 
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес 
орнатыңыз.
•  Радиаторлар, жылытқыштар, 
пештер немесе жылу шығаратын 
басқа құрылғылар (соның ішінде 
күшейткіштер) сияқты жылу 
көздеріне жақын орнатпаңыз. 
•  Қуат сымын, атап айтқанда, 
ашаларынан, розеткаларынан және 
құрылғыдан шығып тұрған жерінен 
басылып немесе қысылып қалудан 
қорғаңыз.
•  Тек өндіруші көрсеткен 
қосымшаларды/қосалқы құралдарды 
қолданыңыз.
•  Найзағай ойнағанда немесе ұзақ 
уақыт қолданылмағанда, бұл 
құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
•  Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы 
тізімде берілген қуат көздерімен 
қолданыңыз.
•  Барлық қызмет көрсету жұмыстарын 
білікті қызмет көрсетуші мамандарға 
істетіңіз. Құрылғы қалай зақымдалса 
да (мысалы, қуат сымы немесе ашасы 
зақымдалса, оған сұйықтық төгіліп 
кетсе немесе үстіне заттар түсіп 
кеткен болса, құрылғыға жаңбыр 
немесе ылғал тисе, ол дұрыс жұмыс 
істемей тұрса немесе құлап қалған 
болса), жөндеуге апару қажет.
•  Бұл құрылғы сұйықтық тамшылайтын 
немесе шашырайтын жерге 
қойылмауы керек. 
•  Құрылғының үстіне қандай да бір 
қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық 
толтырылған заттар, жағылған 
балауыз шамдар) қоймаңыз. 
•  Direct Plug-in адаптерінің ашасы 
ажырату құрылғысы ретінде 
пайдаланылатын жерде, ажырату 
құрылғысы пайдалануға дайын болып 
қалуы керек.