Philips AS111/12 ユーザーズマニュアル
6
KK
4 Ойнау және
зарядтау
Осы док динамигі көмегімен дыбысты екі
әдіспен тыңдай аласыз:
• қолмен орнатылатын Bluetooth
қосылымы арқылы;
• Philips DockStudio қолданбасының
көмегімен автоматты Bluetooth
қосылымы арқылы.
Android™ жүйесімен
үйлесімді
Док динамигін толығымен пайдалану үшін
Android құрылғыңыз келесі талаптарға сай
болуы керек:
• Android операциялық жүйесі (2.1
немесе одан жоғары нұсқасы) бар;
• Bluetooth бағдарламалық құралы (2.1
немесе одан жоғары нұсқасы);
• micro USB коннекторы бар.
micro USB коннекторы және Bluetooth
функциясы бар басқа құрылғылар үшін док
динамигін мына әрекеттер үшін пайдалануға
болады:
• құрылғыны USB коннекторы арқылы
зарядтау;
• Bluetooth арқылы дыбыс тыңдау.
Кеңес
•
Қосымша мәліметтер алу үшін www.philips.com/
flexidock бетіне өтіңіз.
Қолмен орнатылған
Bluetooth қосылымы арқылы
дыбысты ойнату
Док динамигі портативті құрылғыңыздан
жүйеге музыка ағынын жіберу үшін Bluetooth
сымсыз технологиясын пайдаланады.
Ескертпе
•
Bluetooth құрылғысын осы док динамигіне қосу
алдында құрылғының Bluetooth мүмкіндіктерімен
танысыңыз.
•
Қондырмалы динамикті кедергі келтіруі мүмкін басқа
электронды құрылғылардан аулақ ұстаңыз.
1
Bluetooth функциясын белсендіру үшін
док динамигінде түймесін басыңыз.
»
Дисплей панелінде Bluetooth
көрсеткіші жыпылықтайды.
2
Портативті құрылғыда Bluetooth
функциясын қосыңыз.
• Әр түрлі құрылғыларда Bluetooth
функциясын белсендірудің әр түрлі
жолы болуы мүмкін.
3
Портативті құрылғымен жұптастыруға
болатын Bluetooth құрылғыларын іздеңіз.