Philips AZ215R/12 ユーザーズマニュアル

ページ / 16
13
KK
8  Ақаулықтарды 
жою
Абайлаңыз
 
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені 
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. 
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде 
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан 
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп 
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб-
бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips 
компаниясына хабарласқанда, құрылғының 
жақында болуын және үлгі нөмірі мен 
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз 
етіңіз.
Қуат жоқ
•  Қуат сымы дұрыстап қосылғанына көз 
жеткізіңіз.
•  АТ розеткасында қуат барына көз 
жеткізіңіз.
•  Батареялардың дұрыс салынғанына көз 
жеткізіңіз.
Дыбыс жоқ немесе нашар
 • Дыбыс деңгейін реттеңіз.
Құрылғыдан жауап жоқ
 • Айнымалы ток ашасын ажыратып, қайта 
жалғаңыз, одан кейін жүйені қайтадан 
қосыңыз.
 • Қуат үнемдеу мүмкіндігі ретінде тректі 
ойнату соңына жеткеннен кейін және 
ешқандай басқару элементі істемесе, 
құрылғы 15 минуттан кейін автоматты 
түрде өшеді.
Диск таңдалмаған
 • Дискіні салыңыз.
 • Дискінің төмен қарап салынғанын 
тексеріңіз.
 • Линзадағы ылғал конденсациясы 
тазаланғанша күтіңіз.
 • Дискіні ауыстырыңыз немесе тазалаңыз.
 • Пішімделген ықшам дискіні немесе 
дұрыс пішімдегі дискіні пайдаланыңыз.
Нашар радио сигналын қабылдау
 • Құрылғы мен теледидар немесе басқа 
радиация көздерінің арасындағы 
қашықтықты арттырыңыз.
 • FM антеннасын толығымен ұзартыңыз.