LG H955 オーナーマニュアル

ページ / 490
44
Арнайы мүмкіндіктер
KnockON
Экранды екі рет түрту арқылы оңай оятуға немесе өшіруге
болады.
Экран өшірулі және бос тұрғанда экранды ояту үшін экранның
ортасын жылдам екі рет түртіңіз. Экранды өшіру үшін кез келген
экранда күй жолағын (камера көріністапқышынан басқа) немесе
негізгі экранда бос жерді екі рет түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: экранды ояту үшін KnockOn функциясын пайдаланғанда
жақындық датчигін жаппаңыз. Бұлай істеу экранның қосылуына кедергі
жасайды. Бұл мүмкіндік құрылғының қалтада немесе сақтау орнында
кездейсоқ қосылуын болдырмауға арналған.
Knock Code
Knock Code функциясы жеке тақылдату коды өрнегі арқылы
оятуға және экран құлпын ашуға мүмкіндік береді. Қосулы болса,
Knock Code функциясы экранды 4 бөлікке бөліп, құрылғыны
қорғау үшін түртулердің бірегей тіркесімін пайдаланады. Экранды
құлыптау параметрлерінде бұл мүмкіндікті өшіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Knock Code тіркесімін 6 рет қате енгізсеңіз, Google есептік жазбасының
логинін немесе сақтық PIN кодын пайдалану қажет болады.
Қосуға немесе өшіруге экранды түрту үшін тырнақ орнына саусақ ұшын
пайдаланыңыз.
Knock Code қосылмаған болса, Knock On функциясын экранды түрту
арқылы пайдалануға болады.
1  
>   >
Қосымшалар қойындысын (қажет болса) >   >
Дисплей қойындысы > Экранды құлыптау > Экран құлпын 
таңдау > Knock Code тармағын түртіңіз.