Philips SC 1981/00 Lumea Comfort ユーザーズマニュアル

ページ / 76
Ауыстырылатын бөлшектер қажет емес, 
жасырын шығындар жоқ
Philips Lumea Comfort ауыстыруды қажет етпейтін 
өнімділігі жоғары шаммен жабдықталған. Бұл шам 
100000-нан аса жарқыл шығарады. Ол қымбат 
ауыстырылатын шамдарға ақша үнемдей отырып,  
5 жылдан* аса нәтижелерді үзіліссіз ұстап тұруға 
мүмкіндік береді.
*Орташа пайдалану сценарийі мен бір пайдаланушыға 
ұсынылатын өңдеу режиміне негізделеді.
Жұмыс жасау қағидалары
 
- Құрал түк пен тері астындағы түпті ысыту арқылы 
жұмыс істейді. Түктегі және түк түбіндегі меланин 
босатылған жарық пульстерін сіңіреді. Түктің түсі қара 
болған сайын, жарық та көбірек сіңіріледі. Бұл процесс 
түктің демалыс кезеңіне өтуіне себепші болады.
 
- Қолдану арасында түк табиғи жолмен түседі және 
артынан қайта өседі. Түктер бір-екі аптада түсіп 
отырады.
 
-  Өсу кезеңінде ғана түктерге жарық әсер 
ететіндіктен, бір сеанспен түкті алудың оңтайлы 
нәтижесіне қол жеткізу мүмкін емес. Түкті алу кезінде 
сол аумақтағы түктер әдетте түк өсу кезеңінің әр 
түрлі сатыларында болады. Барлық түкті тиімді алу 
үшін бірінші екі айда түкті алуды екі апта сайын 
бірнеше рет қайталау керек. 
ҚАЗАҚША
9