Philips 55PUT4900/12 사용자 설명서

다운로드
페이지 66
3
Құрылғыларды қосу
3.1
Байланыстар туралы ақпарат
Байланыс мүмкіндігінің нұсқаулығы
Құрылғыны теледидарға әрқашан жоғары сапалы
қосылыммен қосыңыз. Сондай-ақ, сурет пен дыбыстың
жақсы тасымалдануын қамтамасыз ету үшін
жоғары сапалы кабельдерді пайдаланыңыз.
Бірнеше құрылғыны теледидарға қосу үшін анықтама
керек болса, Philips TV қосылым мүмкіндігінің
нұсқаулығына кіруге болады. Нұсқаулық қосу жолы және
пайдаланылатын кабельдер туралы ақпаратты ұсынады. 
www.connectivityguide.philips.com торабына өтіңіз.
Антенна порты
Қосымша құрылғы (сандық ресивер) немесе тіркеуіш
болса, антенна сигналы теледидарға кірместен бұрын оны
приставка және/немесе тіркеуіш арқылы бірінші жүргізу
үшін антенна кабельдерін қосыңыз. Осылайша, антенна
және приставка мүмкін қосымша арналарды жазу үшін
тіркеуішке жібере алады.
HDMI порттары
HDMI сапасы
HDMI қосылымының көрінісі мен дыбыс сапасы ең жақсы.
Теледидар сигналына арналған HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
Сигнал тасымалдаудың сапасын жақсарту үшін жоғары
жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз және 5 м-ден
ұзын HDMI кабелін пайдаланбаңыз.
Көшіруден қорғау
 
 
HDMI кабельдерінде HDCP (жоғары өткізу мүмкіндігі бар
сандық мазмұнды қорғау) мүмкіндігі бар. HDCP — DVD
немесе Blu-ray дискілерінен мазмұнның көшірілуін
болдырмайтын қорғау сигналы. DRM (сандық құқықтарды
басқару) деп те аталады.
HDMI ARC
Теледидардағы HDMI 1 қосылымында HDMI ARC (Дыбысты
қайтару арнасы) бар. Егер құрылғыда, әдетте үй
кинотеатры жүйесінде (HTS) HDMI ARC қосылымы болса,
оны осы теледидардағы HDMI 1 ұясына қосыңыз. HDMI
ARC ұясымен теледидар суретінің дыбысын HTS жүйесіне
жіберетін сыртқы дыбыс кабелін қосудың қажеті жоқ.
HDMI ARC ұяшығы екі сигналды біріктіреді.
HDMI қосылымдарында ARC функциясын өшіру керек
болса,  түймесін басып, Setup (Орнату) параметрін
таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз. TV settings (ТД
параметрлері)
 > Sound (Дыбыс) > Advanced (Қосымша) > 
HDMI 1 - ARC тармағын таңдаңыз.
HDMI Ultra HD
Түпнұсқалық Ultra HD ажыратымдылықта - 3840x2160
пиксель - жасалған бейнені осы теледидардан қарай
аласыз.
Ultra HD бейнелерін ойнататын Blu-ray диск ойнатқышын,
ойын консолін немесе компьютерді HDMI ұяларының
біріне жалғаңыз. Жалғау үшін жоғары жылдамдықты HDMI
кабелін пайдаланыңыз. HDMI UHD қосылымдарында ARC
(Дыбысты қайтару арнасы) бар.
HDMI CEC - EasyLink
EasyLink
EasyLink арқылы теледидардың қашықтан басқару
құралымен қосылған құрылғыны пайдалануға болады.
EasyLink қосылған құрылғылармен байланысу үшін HDMI
CEC (тұтынушылық электрониканы басқару) мүмкіндігін
пайдаланады. Құрылғылар HDMI CEC сигналын қолдауы
және HDMI қосылымы арқылы жалғануы тиіс.
6